Жаңалықтар
Музей-қорықтың “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ұлжан Исаева
“Ақ жол” газетінде жарық көрген “Меркі қалашығы — тарих пен мәдениеттің тоғысқан тұсы” атты
мақаласында көне Меркі шаһарының бай мұрасын жан-жақты ашады.
Ұлы Жібек жолының бойындағы маңызды бекініс-қала ретінде Меркінің стратегиялық рөлі,
археологиялық жаңалықтары мен мәдени құндылықтары терең талданған мақалада оқырманды
таңқалдыратын деректер мол.
Газетті қолға алып, мақала арқылы тарихымыздың терең қатпарларына бірге үңілейік!

2025 жылғы 4 тамыз күні Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі, «Жастар ресурстық орталығы»
КММ және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бірлесуімен, Asyl Mura
волонтерлық бағыты аясында «Тарихыңды таны» атты тарихи-танымдық саяхат ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында жастарымыз киелі кесенелермен, өлкеміздің бай тарихымен және рухани
мұраларымен жақын танысып, ел тарихына деген қызығушылықтарын арттырды. Бұл бастама жас ұрпақтың
тарихи санасын қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадам болды.
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының мақаласы KAZMUSEUM.kz
сайтында жарық көрді!
Мақалада Тараздың бай тарихи-мәдени мұралары мен археологиялық зерттеулердің маңыздылығы
кеңінен баяндалады. Толығырақ танысу үшін KAZMUSEUM.kz сайтына кіріңіз!
Ортағасырлық Көне Тараз қалашығынан табиғи май өндіруге арналған арнайы тас құрылғы табылды.
Бұл тас – сол дәуірде зығыр, күнжіт, мақта сияқты өсімдіктерден май сығу үшін қолданылған ерекше құрал.
Археологиялық деректерге сүйенсек, май тек тағамға ғана емес, дәрілік, тұрмыстық және тері өңдеу
мақсаттарында да кеңінен пайдаланылған. Бұл – Көне Тараз тұрғындарының шаруашылықтағы, медициналық
және саудадағы жоғары мәдениетін көрсетеді.
Көне Тараз – жай ғана ежелгі қала емес, өз заманының өндірістік және экономикалық орталығы болған.
Бұл жаңалық сізді таңғалдырды ма? Пікір қалдырыңыз!
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева республикалық
«Айқын» газетіне арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында министр қазіргі қазақ киноиндустриясы, опера және балет театрларының
мәселелері, сондай-ақ музей ісі мен кітапхана саласының дамуы жөнінде өзекті пікірлерін ортаға салды.
Әсіресе музей ісіне қатысты айтылған маңызды ойлар мен бағыттар саланың болашағына бейжай қарамайтын
әр маман мен жанашыр азамат үшін құнды.
Сұхбаттың осы тұстарымен танысу үшін bio-сілтемеге өтіңіз немесе kazmuseum.kz сайтына кіріп,
толық мәтінді оқыңыз.
04 Тамыз 2025
107