«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Ғылыми жұмыстар / Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар

Ғылыми экспедициялар

24.06.2024

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырған «Бабадан қалған қолтаңба» ғылыми экспедиция мүшелері Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарабастау ауылында орналасқан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығына арнайы іссапармен барды. Тасын түртсе тарихы сөйлейтін Тараз қаласынан киелі Таңбалы жеріне ат басын бұрған экспедиция тобы XI–XII ғасырлардағы көне дәуір шежіресі болып табылатын, жартас өнерін сақтап қалған, отандық және шетелдік туристер мен зерттеушілердің зор қызығушылығын тудырып отырған, ерекше тарихи аймақ «Таңбалы»тастар мекеніне барып, тарихымен танысып қайтты. Сапар барысында экспедиция мүшелері тәжірибе алмасу мақсатында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, мамандармен пікір алмасты. Сонымен қатар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының Алматы облысына бағытталған сапарының мақсаты мен музей-қорықтың рухани жаңғыру жолындағы тарихи ізденістері мен атқарған жұмыстары жайлы мәлімдеді.

 

15.05.2024

Ағымдағы жылдың мамыр айының 15 күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ежелгі жазудың бірегей ескерткіштерін ашқан, Тарих ғылымдарының докторы, Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры, қаңлы мәдениетінің маманы, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының археологы Александр Николаевич Подушкиннің Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Қараспан ауылдық округі Төле бай төбе қорымында жүргізіліп жатқан ғылым-зерттеу экспедиясына қатысты. Қаңлы мәдениетін 40 жылдан астам уақыт бойы зерттеп келе жатқан Александр Николаевич экспедиция барысында қаңлы өркениетіне жататын бірегей артефактілер атап айтқанда, біздің дәуірімізге дейінгі ІІ–І ғасырлар кезеңіне жататын әйел азаматының қоладан жасалған айнасы, моншақтардың бөліктерін, алтынан жасалған ортасында күміс қосылған, қанық қызыл түсті рубин асыл таспен әшекейленген сырғалармен таныстырды. Осы уақытқа дейін атақты қазақ археологы Оңтүстік Қазақстан өлкесін зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 5 монографиясы жарық көрді.

Сонымен қатар «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы 2023 жылы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығымен музей саласын дамыту тұрғысында жасалған Ынтымақтастықты нығайту мақсатында Тараптар Өзара бірлескен меморандумға қол қойған болатын. Меморандум аясында екі музей-қорық қызметкерлері бірлескен ғылыми-зерттеу экспедисиясына қатысып, өздерінің тәжрибелерімен бөлісті.

 

 

 

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері ағымдағы жылдың шілде айында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, археолог, Phd доктор Ақымбек Ералы Шардарбекұлының жетекшілігімен Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы маңында жүргізіліп жатқан археологиялық қазба жұмыстарына қатысып қайтты. Жетекші мамандар ондағы қазба Төртүл аумағы екендігін атап өтті. Төрткүл – елді мекен аттары, топырақ үйінділерінен тұрғызылған көне және ерте орта ғасырлардағы (VIII-XIV ғғ.) бекініс орындары, төбесі тегіс, беткейлері тік келген төрткүлді дөңестер. Қазба барысында ескерткіштердің құрылыс материалдарын анықтап, табылған заттарға сипаттама берілді. Қазба жұмысы барысында көне мекенде ғасырлар бойы пайда болған мәдени қабаттар,қыш қақпақ,керамикалық ыдыс сынықтары, жылқы малының сүйегі табылды.