«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
Дүниежүзілік туризм күніне орай, Астана қаласынан келген «Созвездие-Мансур» би ансамблінің бишілеріне қорық-музей жәдігерлерінен «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағында көрме қойылды. Жылжымалы көрмедегі жәдігерлердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей қызметкері Бақдәулет Әбілдаұлы түсіндіріп өтті. Аталмыш көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды.
Ансамбль ұстаздары жылжымалы көрмені ұйымдастырушы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына алғысын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

26 қыркүйек күні Ұлыбританияның тарихи аймағы Шотландия жерінен саяхаттап келген қонақтарға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының еншісіндегі «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағы мен «Қарахан» кесенесіне экскурсия жүргізілді. Ең алдымен шетелдік қонақтар рухани құндылықтардың ордасы болған «Көне Тараз» саябағын тамашалаудан бастады. Содан кейін тұла бойы тарихқа толы Тараз қаласының орталығында орналасқан киелі де сәулетті ескерткіштердің бірі – Қарахан кесенесімен танысты. Шет елден келген қонақтар экскурсия кезінде ерекше қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұраққа жауабын алды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Талас ауданы, Үшарал ауылы, Әбдір Сағынтаев атындағы орта мектеп оқушыларына музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз-әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Рухани танымның түп негізі – Көне Тараз
• Қасиет қонған Әулиеата (Қарахан)
• Шығыс үлгісінде салынған Қали Жүніс моншасы
Дәріс соңында оқушылар қорық-музей қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
 
Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының қызметкерлеріне музей-қорықтың құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Рухани танымның түп негізі – Көне Тараз
• Қасиет қонған Аулиеата (Қарахан)
• Шығыс үлгісінде салынған Қали Жүніс моншасы
Онлайн дәріске музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері, әдіскерлер, археологтар, тарихшылар қатыстырылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан «ALEM» кәсіби білім беру колледжінде «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында 2 курс студенттеріне танымдық дәріс оқыды.
Дәріс барысында ғылыми бөлім қызметкері Мадина Мананбайқызы студенттерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті.
Тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы 2011–2017 жылдар аралығында мекемеге қарасты нысанның бірі – «Көне Тараз» аспан асты саябағында жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде табылған қала орны мен құнды әрі бірегей жәдігерлердің тарихын баяндады. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылаған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаттарын түсіндірді.
Археологиялық зерттеу жұмыстары көне қаламыз Тараздың осыдан екі мың жыл бұрын ірі мәдениет ошақтарының бірі болғандығын айғақтайды. Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ата-бабамыздан мирас болып қалған сан ғасырлық тарихты өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады.