Жаңалықтар
Бүгін Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Таңбалы» мемлекеттік
тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының ұйымдастыруымен «Таңбалы шатқалындағы қола дәуірінің
қорымдары» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрме барысында қола дәуіріндегі жерлеу рәсімдері мен ғұрыптық дәстүрлерге қатысты құнды
экспонаттар жұрт назарына ұсынылып, ежелгі мәдениеттің терең тарихына үңілуге мүмкіндік берілді.
Шараға “Белсенді ұзақ өмір сүру” орталығының мүшелері, тарихшылар мен БАҚ өкілдері арнайы қатысып,
көрмеге зор қызығушылық танытып, ұйымдастырушыларға ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми бөлім және
ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері Ақыртас археологиялық сәулет кешенінде мониторинг
жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында кешен аумағындағы археологиялық және сәулеттік құрылымдардың қазіргі
жай-күйі зерттеліп, табиғи және адам факторларынан туындайтын зақымдану белгілері тіркелді.
Мұндай жұмыстар ескерткіштердің сақталуын қамтамасыз ету, оларды жүйелі түрде бақылап отыру
және алдағы ғылыми-реставрациялық шараларды жоспарлау мақсатында тұрақты түрде жүзеге асырылады.
Тарихи мұрамыз – ұрпаққа аманат. Оны қорғау – ортақ міндет!
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығына қарасты «Бабаджа Хатун» кесенесіне бүктеме парағы дайындалды.
Ақпаратты ұсынушы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген “Қор сақтау және есепке алу” бөлімінің дизайнері - Г. С. Әбдібекова.






Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында ақпараттық түсіндіру шарасы өтті.
Шара барысында:
• Интернет арқылы жасалатын алаяқтықтардың түрлері,
• Қорғану жолдары туралы кеңестер берілді.
Мақсат – құқықбұзушылықтың алтын алып, қоғамда киберқауіпсіздік туралы түсінікті арттыру.
Қауіпсіздігіңіз – өз қолыңызда!


Тұңғыш Президент Қорының YouTube арнасындағы Qazaq Quest жобасына Ежелгі Тараз ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Фариза Жұмағұлова сұхбат беріп, арнайы түсірілімге қатысты.
Жобада музей-қорыққа қарасты:
• Айша бибі,
• Бабаджа хатун,
• Қарахан баба
• және Дәуітбек кесенелері жайлы құнды әрі тың деректермен бөлісті.
Толық түсірілімді төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз: https://youtu.be/G4Yude1yvYw?si=xSeLzt9ISuqJtCnk
16 Шілде 2025
121