«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Басшылық

Басшылық

 ДИРЕКТОР

 Берік Мырзалыұлы Жүсіпов

Туған жылы: 07. 03. 1970

Ұлты: Қазақ

Жанұя жағдаяты: үйленген, төрт перзентті

Білімі: Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы, (1987–1995); Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті (2008–2010).

Мамандығы: Педагог, сахнагер, экономист

Білетін тілдері: Қазақша, орысша

Еңбек өтілі: Ж. Елебеков атындағы колледжде оқытушысы (1995–1997); Құрманғазы атындағы Алматы Мемлекеттік консерваториясы, Ұлт аспаптары факультеті, Халық әні кафедрасында аға оқытушы (1997–2000); Халық әні кафедрасының меңгерушісі (2000–2003); «Жетісу» АҚ-ның менеджері (2003–2004); «Тайқазантехносервис» ЖШС-нің сыртқы экономикалық істер жөніндегі менеджері (2004–2008), Қызылорда облыстық мәдениет басқармасының бастығы (2008–2013); «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ-ның вице-президенті (Астана, 2013.03–2013.11); «Жан и Ш» ЖШС директордың орынбасары (Қызылорда, 2013.11–2014.08). ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұршылықпен іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты (6.04.2015–01.09.2015), ЖК «Musical culture of Kazakhstan» (01.09.2015–11.07.2016) директоры, Алматы қаласының мәдениет және архивтер басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер тетрының директоры (16.08.2017–06.06.2019), «Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» ЖШС-нің бас менеджері (2019–2021)  болған. Қазір осы мекемеде директордың орынбасары.

М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының докторанты (тақырыбы: «Эпикалық жыршылық дәстүрдегі туындатпа және шығармашылық дихотомия проблемасы»), «Кентавр» газетінде жауапты хатшы, Қазақ радиосы әуетолқынында өткен «Мирас», «Кәнекей, тілім, сөйлеші» атты жүзге тарта авторлық бағдарламалардың авторы әрі жүргізуші-редакторы болған. 

Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты (1999), доцент ҚР ЖАК. (2001).

Ғылыми еңбектері:  Фольклорист ғалым, этнограф, этномузыкатанушы. «Мырзастағы жыр мектебі» (1991), «Жиделі Байсын күйлері» (2000), «Күретамыр», «Жырдария», «Ойтұмар», «Сүлейлер», «Адырна», «Эпикалық жыршылық дәстүр: репродуктив-туындатпа, креатив-шығармашылық егіз қосарлану мәселесі» секілді монография, оқу құралдары мен жинақтардың авторы. «Қазақтың қаһармандық эпосы «Қобыланды батыр» (2003), «Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармалары» (2007), «Базар жырау Оңдасұлы шығармалары» (2008), «Ұзақбай Қараманұлы шығармалары» (2018), «Жәнібек Кәрменов шығармалары» (2019) ғылыми басылымдарының құрастырушысы, әрі жауапты шығарушысы. «Маңғыстаудың музыкалық мұралары» (2007), «Сыр сүлейін сұрасаң» (2008), «Қайталанбас дауыстар – Неповторимые голоса» (2011), қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» (2015) музыкалық антологияларының авторы, ғылыми-танымдық, көркем қойылымды «Жырау», «Қаһарман» фильм-портрет жобаларының жетекшісі. Әртүрлі тақырыптағы 300-ден аса ғылыми, теориялық, танымдық, тарихи, әдістемелік мақалалардың авторы. Ол туралы жихангер журналист Т. Момбекұлы «Жаратқан, жар болғайсың» атты кітап жазған.

Сахналық қызметі: Эпик жыршы, әнші, күйші. Лекция концерттермен Германия, Бельгия, Қытай, Нидерланд корольдігі, Түркия, Америка, Иран, Россия, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты мемлекеттерде болған.

Мемлекеттік марапаттары: Республикалық және халықаралық «Жігер» (1987), «Шарк Тораналари», «Түрік дүниясы ұзандары» фестивальдерінің, Иранда, Пазырықта өткен қайчылар конкурстарының жеңімпазы, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2000), Халықаралық ТҮРКСОЙ-дың «Мұрагер» сыйлығының иегері (2000), ҚР Президентінің (2012), Ресей Федерациясы Мәдениет министірінің Құрмет грамоталарымен (2011), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен (2011) марапатталған, «Құрмет» орденінің кавалері (2019), Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның Құрметті профессоры (2021), Арал, Жалағаш аудандарының Құрметті азаматы (2021), Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі (2022).