«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Музей-тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференциясына қатысып алғыс хатпен марапатталды.

 

Тәуелсіздік күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Ш. Мұртаза атындағы Халықаралық университетінің студенттеріне «Көненің көзі» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Көрме барысында музей-қорыққа қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Сонымен қатар, студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан жасалған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында университет ұстаздары музей қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.

Ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Отырар» мемлекеттік археологиялық музей-қорығының ұйымдастыруымен «Музей-тарих айнасы: қазіргі музей ісінің мәселелері және мүмкіндіктері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн конференция өтті. Конференцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар, ғылыми қызметкер Мадина Мананбайқызы «Тектұрмас кесенесі» тақырыбында баяндама оқыды.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері «ALEM» кәсіби білім беру колледжінің студенттеріне «Ескерткіштер ел тарихы» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәрістің мақсаты: Өңіріміздегі ғасырлар қойнауынан жеткен халық қазынасы, тарихтың беймәлім сырлары тұнған, ел өмірінің тілсіз куәгері саналатын тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау. Ұлтымыздың рухани байлығы саналатын құнды да бірегей жәдігерлерді өскелең ұрпаққа дәріптеу. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстыру.
Дәріс барысында Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихы мен Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз әпсаналары жайлы мәліметтер берілді.
Дәріс соңында студенттер өздеріне қызықты әртүрлі сұрақтар қойып, өздеріне керекті мәліметтерді алды. Сонымен қатар ерекше лебіздері мен ризашылықтарын білдірді.
Возможно, это изображение 12 человек, люди учатся и текст
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында, Амангелді атындағы орта мектебінің оқушыларына «Тарих – ғасырлар куәсі» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Сондай-ақ, оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғыс білдірді.