«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 10 қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасасы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Қазақстан-Түркия жастар көпірі» жобасы аясында Түркия Республикасының жастар саясаты саласындағы мамандар, министрліктің өкілдерінен 50-60 делегаты келді.
Аталмыш делегацияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Ақгүл Жанболатқызы Тараз қаласының дәл орталығында орналасқан киелі де сәулетті ескерткіштердің бірі – Қарахан және Дәуітбек кесенелеріне экскурсия жүргізді. Сонымен қатар, қонақтар кесененің қосымша худжра бөлмелерінде қазба жұмыстары барысында ежелгі Тараз қалашығынан табылған жәдігерлерден құралған экзпозицияны тамашалады. Атап айтсақ: Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сынапкөзелер, шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар. Содан соң, сонау ХІ ғасырдан біздің дәуірге жеткен, Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан Айша бибі кесенесін тамашалады. Экскурсия барысында шетелдік қонақтар ерекше қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауабын алды.
2023 жылдың 7 қараша күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қалалық № 3 мектеп-лицейінің оқушыларына «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтап, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Танымдық дәрістің мақсатын және ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын ғылыми қызмет бөлімінің мамандары Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы айтып түсіндірді.
Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Содан соң музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, дәріс барысында оқушыларға «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде табылған қала орны мен құнды жәдігерлердің тарихымен таныстырды. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Аталмыш жиын соңында мектеп ұстаздары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына өз алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Аталмыш жиналысты комлаенс офицері Дастан Тапелов жүргізді.
Бүгінгі таңда тамыры тереңге жайылып бара жатқан сыбайлас жемқорлықпен күресу елімізде ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Әлемдегі барлық елдерде бұл әлеуметтік қасірет заң бұзушылықтың ең үлкен түрі, сондай-ақ әрбір елдің дамуына үлкен зиян келтіретіні анық. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің дамыған елдер қатарына қосылуына ат салысар әрбір азамат үшін ең алдымен өзінің басты міндеті болып табылатындығын ұмытпағаны абзал.

М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің  оқытушылары мен студенттеріне «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген нысан – Ақыртас сәулет-археологиялық кешенінде экскурсия жүргізілді.

25 қазан – Республика күніне орай ұйымдастырылған «Қайырымдылық акциясы» аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне (Қарахан, Айша бибі, Тектұрмас кесенелеріне және Көне Тараз археологиялық саябағына) Жетібай ауылы, Жамбыл мектебінің аз қамтылған отбасының балаларына экскурсия өткізілді. Экскурсия барысында оқушылар ерекше қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сұраққа жауабын алды.
#ГидҚазақстанға
#ГидПоКазахстану