«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музей қоры / Нумизматикалық қор

Нумизматикалық қор

Тараз қалашығында археологиялық қазба жұмыстарының барысында ортағасырлық монеталардың үлкен коллекциясы табылды.  Бүгінгі күні «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қорына Орталық Азия аймағындағы саяси, тауар-ақша және мәдени байланыстардың даму тарихын көрсететін бірегей нумизматикалық жәдігерлерден тұратын 1800-ден астам монета мен олардың фрагменттері алынды. 2015 жылы археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде  көмбе табылды, ол 183 дана ортағасырлық мыс монеталарынан тұрады. Тараз - Ұлы Жібек жолының керуен жолдарының қиылысында орналасқан ежелгі қала. «Саудагерлер қаласы» - Тараз деген атпен бұл орталық түргештердің орталығы, содан кейін қарлұқ пен қараханидтер өмір сүрген, онда ғасырлар бойы жоғарғы билеушілердің атынан монета шығаратын сарайлар болған. Монеталардың көп бөлігі мыстан жасалған, яғни мыс монетасын ежелгі Тараз қалашығында саудагерлер мен тұрғындар өзара сауда-саттықта пайдаланған. Сонымен қатар, ортағасырлық күміс монеталарды ірі мемлекеттермен сауда қарым-қатынас кезінде пайдаланған.

Ежелгі Тараз қалашығындағы археологиялық қазба жұмыстардың нәтижелері бойынша ғалымдар VII ғ. Таң әулетінің импорттық қытай монеталары айналымда қолданылғанын анықтады.Түргеш билеушілері Қарахан әулеті билік құрғанға дейін (Х-ХІІ ғғ.) өздерінің монеталарын шығарды.Тараздың қазба жұмыстарынан табылған және Түргеш қағанаты заманына жататын монеталар, әдетте, көрші елді мекендердің тарихи монеталарынан ерекшеленеді.

Монеталардың жазбасында діни, саяси және экономикалық өзгерістерді айқын көрсетеді. Қарахан монеталарында ғалымдардың айтуынша, араб эпиграфикасымен жазылған кәлима сөздері бар. IX-XI ғғ. сауда айналымдағы теңге – дирхем болды, оны осы аймақта 400 жылдай уақыт пайдаланды.

Металл монеталардың құрамына қарап, мемлекеттердің экономикалық дамуы туралы айтуға болады. Осыған орай, Тараз қалашығынан Қарахан кезеңіне жататын күміс пен мыс теңгелері табылды. Көбінесе, «қара дирхем» деп аталатын күміс монетасына мемлекеттің экономикасының деңгейінің төмендеп бара жатқанына байланысты көп мөлшерде мыс қосып шығарды.  Кей кездері, күміс пен алтынды қосып монета шығарды. Алайда, ХІ ғасырға дейін  Талас өзенінің жоғарғы ағысындағы күміс кеніштері тез тоза бастады, бұл «күміс дағдарысына» алып келді, сондықтан қараханидтер мыс монеталар - фельс шығарды. ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы қытай, қоқан және орыс монеталарының жинақталған коллекциясы да музей қорында сақтаулы. Бұл монеталар Тараздың кейінгі қабаттарында, ұзақ жылдардан кейін қала Әулие-Ата деген атпен қайта жанданған кезде пайда болды.