Новости
Последние новости о жизни музея и культурных мероприятиях
Мадина Мананбайқызының «Әбдіқадір мешіті: салыну тарихы мен маңызы» тақырыбындағы мақаласы
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Ибадильдаева Мадина Мананбайқызының «Әбдіқадір мешіті: салыну тарихы мен маңызы» тақырыбындағы мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді. Мақалада Әбдіқадір мешіті туралы оның салыну тарихы, сәулеттік ерекшеліктері, халық үшін рухани маңызы және бүгінгі таңда діни-ағартушылық орталық ретінде атқарып отырған қызметі қамтылады. ...
Подробнее
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу – ортақ міндет
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК-нда «2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығын қамтыған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманы талдау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында мекеме қызметінің негізгі бағыттары бойынша жүргізілген ішкі талдау нәтижелері қарастырылып, сыбайлас жемқор...
Подробнее
«Байырғы Барысхан – бабалар өркениетінің куәсі» атты ғылыми мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Исаева Ұлжан Қаныбекқызының «Байырғы Барысхан – бабалар өркениетінің куәсі» атты ғылыми мақаласы «Tekturmas» журналында жарық көрді. Мақалада байырғы Барысхан қаласының тарихи маңызы, өркениеттік орны және мәдени мұрасы зерделенді.
Подробнее
Cенім білдірген әрбір қонағымызға шын жүректен алғыс айтамыз!
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” тарихи-мәдени музей-қорығына” қарасты нысандарында ұйымдастырылатын экскурсиялар арқылы біз өткен мен бүгінді жалғап келеміз. 2025 жылы бізбен бірге тарихқа сапар шегіп, сенім білдірген әрбір қонағымызға шын жүректен алғыс айтамыз! Қадірлі қонақтар, сіздерді бай тарихы мен терең рухани құндылықтары тоғысқан Тараз өңіріне келіп, киелі мұралармен жақын танысуға шақырамыз!
Подробнее
«Тәуелсіздік тағылымы – тарихтан бастау алған рух» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай, арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының қарияларына арналған «Тәуелсіздік тағылымы – тарихтан бастау алған рух» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қариялар музей қорының құнды тарихи жәдігерлерімен танысып, халқымыздың сан ғасырлық тарихы, мен ұлттық рухани құндылықтар туралы мазмұнды мәліметтер алды. Көрмеге қойылған әрбір жәдігер өткен мен бүгінді жалғап, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жолындағ...
Подробнее
Ақерке Ерғабылқызының ғылыми мақаласы “Tekturmas” республикалық журналына жарияланды!
Ежелгі Тараз ескерткіштері мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ақерке Ерғабылқызының ғылыми мақаласы “Tekturmas” республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналына жарияланды! Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Айша бибі кесенесі – Тараз қаласының мәдени болмысын айқындайтын асыл мұра. Мақалада ескерткіштің тарихи негізі, сәулеттік нақышы мен рухани мағынасы кеңінен ашылды.
Подробнее
Ақдидар Жәнібекқызының ғылыми мақаласы «Тekturmas» республикалық журналында жарияланды!
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызының ғылыми мақаласы «Тekturmas» республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналында жарияланды! «Орта ғасыр өркениетінің мұрасы – Өрнек қалашығы» атты бұл мақалада Өрнек қалашығына жүргізілген зерттеулер, археологиялық материалдар және оның ортағасырлық өркениеттегі маңызы кеңінен ашып көрсетілген. ...
Подробнее
ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Қазақстанның жетекші музейлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан дөңгелек үстел
ЮНЕСКО-ның Алматыдағы Өңірлік кеңсесінің ұйымдастыруымен Қазақстанның жетекші музейлері мен мемлекеттік орган өкілдері қатысқан дөңгелек үстел өтті. Кездесу музей саласын дамытуға бағытталған стратегиялық ұсынымдарды талқылауға арналды. Музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы іс-шара барысында Жамбыл облысында 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне «Жібек жолы: Чаньань-Тянь-Шань дәлізі бағыттарының желісі» номинациясы бойынша енгізілген Ақтөбе, Қостөбе, Құлан,...
Подробнее
«Бабаджа хатун кесенесінің құрылысы мен зерттелу тарихы» атты ғылыми мақаласы
“Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы тағы бір зор жетістікке қол жеткізді! Музей-қорықтың “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызының еңбегі «Бабаджа хатун кесенесінің құрылысы мен зерттелу тарихы» атты ғылыми мақаласы халықаралық “ULY DALA MURASY” журналында жарық көрді! Тарих жаңғырып, мұраларымыздың дауысы алысқа жетсін! https://ulydalamurasy.kz/?journal=main
Подробнее
“Ежелгі Тараздағы қолөнер мен зергерлік бұйымдары” тақырыбында жылжымалы көрме
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде “Ежелгі Тараздағы қолөнер мен зергерлік бұйымдары” тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрме барысында студенттер көне дәуірдегі қолөнер үлгілерімен, зергерлік әшекейлердің жасалу технологиясымен және Тараз өңірінің мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Шараның мақсаты – жастарға тарихи құндылықтарды насихаттау және ұлт мұрасының маңызын таныту
Подробнее
Екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Кездесу барысында басқарма төрағасы – ректордың уақытша міндетін атқарушы Сейтжан Әуесжанұлы Орынбаев пен музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы Мергенбай тарихи-мәдени нысандарды бірлесе дамыту, ғылыми-...
Подробнее