«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Бөлімдер / Ғылыми–қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімі

Ғылыми–қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімі

ҒЫЛЫМИ қызмет және ескерткіштерді қорғау БӨЛІМІ

 

«Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК ғылыми құрылымдық бөлімі болып табылады. 1998 жылы құрылған бөлім Қазақстан Республикасы заңына және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» РМҚК жарғысына, даму жолын айқындайтын тұжырымдамасына, сондай-ақ, жалпы ережелерге сәйкес жұмыс жасайды.

Ғылыми–қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің негізгі қызметі: тарихи-мәдени мұраларды сақтау, насихаттау, ғылыми зерттеу, археологиялық нысандардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу, бақылау, ғылыми-танымдық материалдар жариялау, туристік кластер саласындағы жұмыстарға қолқабыс жасау, танымдық-тарихи әңгімелер мен лекция-сабақтар өткізу.

 

Бөлім басшысы

 

Ұлжалғас Шаизханқызы Шаизхан 1995 жылы тамыздың 29 күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында дүниеге келген. 2013–2017 жж. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Тарих» мамандығы бойынша білім бакалаврын, 2017–2019 жж. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Гуманитарлық ғылымдар» магистрі дәрежесін тәмәмдаған.

2014–2016 жж. «Тараз» студенттер Альянсы» КҚ атқарушы директорының орынбасары; 2016–2018 жж. «Жас көшбасшылар клубы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары қызметтерін атқарды. 2018–2019 жж. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшы лауазымына жұмысқа тұрды. 2019–2022 жж. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері, 2022 жыл тамыз айынан бастап, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің басшысы м. у. а. қызметін атқарса, қазіргі таңда Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау бөлімінің басшысы.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің қызметкерлері:

 

  1.      

Ұлжалғас Шаизханқызы Шаизхан

Бөлім басшысы

  1.      

Мадина Мананбайқызы Ибадильдаева

Ғылыми қызметкер

  1.      

Гүлмарал Үшкемпірқызы Қамбар

Кіші ғылыми қызметкер

  1.      

Бақдаулет Тәжібаев Әбілдаұлы

Археолог

  1.      

Дастан Тапелов Сеитбекович

Инспектор

  1.      

Тлебалды Қанат Маратұлы

Инспектор

  1.      

Инкарбаева Кульназира

Әдіскер

 

Бөлім қызметкерлерінің негізгі міндеттері: белгіленген тәртіппен бекітілген мекеменің жоспарларына, мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға, музей-қорық ұйымдастырған далалық экспедицияларға, іссапарларға қатысып, ғылыми материалдар жинаумен, жаңадан табылған тарихи-мәдени құндылықтар жайында жазба дайындап, заттық айғақтарды ғылыми өндеумен айналысады, сондай-ақ ғылыми-анықтамалық материалдар әзірлейді, іссапар нәтижелері бойынша ғылыми есеп жасайды. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің ғылыми төлқұжатын толтыруға, ескерткіштерге қатысты жоспарлар жасауға, есеп дайындауға, сонымен қатар, тарихи нысандарға мониторинг жұмыстарын жүргізуге қатысады. Сонымен қатар бөлім қызметкерлері жыл сайын мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Жас археолог» облыстық үйірмесін, сонымен қатар еліміздегі айтулы мерейтойлар мен ғылыми өзекті тақырыптарда конференциялар, дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіп келеді.