Мешіт Тараз қаласындағы Ташкент-Байзақ батыр көшелерiнiң қиылысында орналасқан. 1897 ж. Нәметбай мешітінің ғимарат аумағында кең ауласы, медресе ретінде қолданылған қосымша бөлмелері, үлкен жер телімі, дәретханасы бар кешенге айналған. Мешіт, мешіт ғимаратын өз қаражатына салдырған Наметбайдың есімімен аталады. Көп жылдар қаладағы үлкен діни-рухани орталық қызметін атқарған. Шамамен, өткен ғасырдың 30-жылдары мемлекеттік меншік ретінде шаруашылық қоймасы тағы да басқа да қажеттіліктерге пайдаланылып келген. Өткен ғасырдың 90-жылдары мұсылман жамағатына қайтарылып және қайтадан жөнделіп Тараз қаласындағы забия-мешіті қызметін атқарып келеді.
Мешіт Жамбыл облысы Талас ауданы Ойық ауылында, Сейілбек елді мекенінің аумағында орналасқан. Мешіт жергілікті тұрғындардың және ислам дінін насихаттаушы Қарақожа Ишанның қаржысына салынған.
Әулие ата мешіті Тараз қаласының ескі бөлігінде, тарихи аумаққа жақын, Б.Адамбаев көшесі №24 ғимаратта орналасқан. Қаламыздың орталық мешiті – Әулиеата мешiтi жергiлiктi жанашыр азамат, көпес Қали Жүнiс Майюсуповтың демеушілігімен шебер Сейдулла Қожаның басшылығымен 1913 жылы бой көтерген.
Мешіт осы өңірде «Әулие ата» атанып кеткен Караханидтер әулетінің көрнекті тұлғаларының бірі Шах Махмуд Қарахан-ның құрметіне және мешітті салдырушы Жүнісбайдың құрметіне «Әулие ата – Жүнісбай мешіті» – деп аталады. Қали Жүніс өз кезенінің жанашыр азаматы ретінде және мешіт пен шығыс моншасын салдырушы ретінде жергілікті халық жадында мәңгі сақталған тұлға.
Әбдіқадір мешіті Тараз қаласы-нының Абай-Көшеней көшелерi-нiң қиылысында орналасқан. Тарихи ескерткіш санатына жататын Әбдіқадір мешіті XX ғасырдың басында салынған, Тараз қаласының үлкен мешіттерінің бірі болып саналады.
Үлкен ауласы және Әулиеата жеріндегі үлкен медресесі болған. 1920 жылдардың басында кешен толықтай бұзылып, қазіргі таңда оның тек кіре-беріс бөлігі ғана сақталған. Бұл мешіттегі бас имамдық парызды 1920 жылдарға дейін мұсылман әлеміне кеңінен таныс білімдар, ислам өркениеті мен рухани білімнің негіздерін зерттеп көптеген еңбектер жазған, есімі осы күнге дейін ел аузында жүрген Алтынхан төре атқарған.
Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер ішіндегі елеулілерінің бірі – тарихи мұралардың сәулет өнері санатына жататын нұсқасы – Талас ауданындағы Үшарал мешіті (Ештайбек көшесі №7 орналасқан). Мешіт XІХ-ғасырдың басында Әулиеата – Тараз жеріне табан тіреген өз дәуірінің зиялы қауымы санатындағы қожа-молдалар жер-жерде мешіт, медреселер салу жұмысын қолға алса керек. Бұл ұсынысқа жергілікті азаматтар аянбай, қолдан келген көмегін көрсетеді.
Үшарал мешітінің құрылысы 1900 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Жалпы құрылыстың басы-қасында болып, құрылысшылар тарту, материалдар дайындау ісімен сол кездегі Үшарал, Тоғызкент аймақтарының имамы болған Абдулла Ишан деген діндар адам айналысқандықтан, мешітті Абдулла Ишан мешіті – деп атап кеткен.