«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
       Тарих тереңіне үңілген сайын Тараз бізді тағы да таңғалдырады. Археологтардың соңғы зерттеулері нәтижесінде Көне Тараз қалашығынан бұрын-соңды белгісіз болған құпия медресе орны табылды!
       Бұл құрылыс шамамен XI–XII ғасырларға тән. Саз кірпіштен өрілген, күйдірілген әшекейлі тақташалармен көмкерілген бұл нысан – тек діни білім ордасы ғана емес, сол дәуірдің ғылыми, мәдени және рухани орталығы болғанға ұқсайды.
       Бұл жаңалық Тараздың ислам өркениетіндегі орны мен білім ордаларының маңызын айқындай түседі. Мүмкін, бұл жерден кезінде ұлы ойшылдар, сопылар мен ұстаздар білім алған болар.
 
 
          “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығына қарасты Айша бибі кесенесіне бүктеме парағы дайындалды.
Ақпаратты ұсынушы “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің қызметкерлері. Көркемдік тұрғыдан безендірген “Қор сақтау және есепке алу” бөлімінің дизайнері - Г. С. Әбдібекова.
 

       «Отырар музейі кеше және бүгін: музей ісінің даму үдерістері мен жаңа мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы табысты өтті.  Осы ауқымды шараға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы,  бөлім тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы белсенді түрде қатысып, сертификатқа ие болды! 
       Бұл – музей саласындағы жаңа ізденістерге, кәсіби тәжірибе алмасуға және ғылым мен мәдени мұраны ұштастырудағы маңызды қадам.
       Құрметті әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!  Ізденістеріңіз табысты, еңбектеріңіз жемісті болсын!
 
 
      Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері Б. М. Хасенова, Р. Т. Дарменов және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бас қор сақтаушысы Алимханова Ұлбосын «Қарлұқтар торевтикасы: көркемдік дәстүрлер мен технологиялар» жобасы аясында бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
      Жоба барысында музей қорындағы металдан жасалған әйел әшекейлері зерттеліп, суретке түсірілді.
      Сондай-ақ, ерте темір дәуірінен бастап этнографиялық кезеңге дейінгі жерлеу орындарынан табылған әйел металл әшекейлерімен салыстыра отырып, олардың сабақтастығы анықталып жатыр.
      Құнды мәліметтерді жинақтап, деректер базасын қалыптастыру – жобаның басты мақсаты.
Біз екі ұжым арасындағы ғылыми ынтымақтастық осылайша сәтті жалғасын табады деген сенімдеміз!