«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан «Парасат» колледжінде «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында 2 курс студенттеріне танымдық дәріс оқыды.
Танымдық дәрістің мақсатын және ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын ғылыми қызмет бөлімінің мамандары Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы айтып түсіндірді. Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Содан соң музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, дәріс барысында студенттерге «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде табылған қала орны мен құнды жәдігерлердің тарихымен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан «Парасат» колледжінде «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында 1 курс студенттеріне танымдық дәріс оқыды.
Танымдық дәрістің мақсатын және ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын ғылыми қызмет бөлімінің мамандары Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы айтып түсіндірді. Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Содан соң музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, дәріс барысында студенттерге «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде табылған қала орны мен құнды жәдігерлердің тарихымен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан «ALEM» кәсіби білім беру колледжінде 
 3 курс студенттеріне танымдық дәріс оқыды.
Танымдық дәрістің мақсатын және ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын ғылыми қызмет бөлімінің мамандары Мадина Мананбайқызы мен Гүлмарал Үшкемпірқызы айтып түсіндірді. Ең алдымен көне дәуірлердің естелігі, үлкен руханият орталығы болған, екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз шаһарының тарихына тоқталып өтті. Содан соң музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты әртүрлі аңыз, әңгімелермен таныстырды. Сондай-ақ, дәріс барысында студенттерге «Көне Тараз» ашық аспан астындағы саябағында жүргізілген археологиялық жұмыстар кезінде табылған қала орны мен құнды жәдігерлердің тарихымен таныстырды.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Тараз қаласында орналасқан Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-жапсарын білу мақсатында кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді. Тарих және мәдениет ескерткіштердің қатарында: Әбдіқадыр мешіті, Әулие ата (Жүнісбай) мешіті, Қали Жүніс моншасы, Жамбыл Жабаев ескерткіші, Тектұрмас кесенесі, Талас өзенінен өтетін ортағасырлық көпірдің қирандылары және Жікіл қалашығы бар.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Тарих тағылымы – қасиетті құндылық» тақырыбындағы танымдық бағдарлама аясында Тамыз конференциясының Алматы, Шымкент, Қостанай қалаларынан келген мамандарына Тараз қаласынан 18 шақырым жерде орналасқан, 62 түрлі ою-өрнекпен көмкерілген Айша бибі кесенесінде дәріс өткізді. Сонымен қатар, дәріс барысында Айша бибі кесенесінің жанынан бой көтерген, он алты қырлы күмбезді ескерткіш, еліміздегі бірегей тарихи қазынаның бірі – Бабаджа хатун кесенесінің де тарихына тоқталды. Қонақтар өз қызығушылықтарын білдіріп, әр-түрлі сұрақтар қойды.