«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Музей туралы / Музей қоры / Археологиялық қор

Алтын көмбе

«Зергер көмбесі»

2015 жылы Тараз қаласының орталық бөлігінде, «Көне Тараз» археологиялық саябағының аумағында «Казархеология» ЖШС археологтары алтын мен күмістен жасалған ортағасырлық қазыналарына толықыш құмырасын тапты. Табылған жәдігерлердің негізгі бөлігі - монеталар, білезіктер, сырғалар, жапсырмалар, зергерлік бұйымдарға арналған металл дайындамалары мен құймалары. Қазынаның жасалу әдісіне қарағанда, бұл заттар бір кездері Тараздың шебер зергері, ежелгі зергерлік технологиялардың ұстасы болған. Ортағасырлық өнер туындысының әрбір жәдігері адамның сұлулыққа деген ұмтылысын көрсетеді. Бұл олжаны «Зергер көмбесі», Қараханид дәуіріндегі зергерлік өнердің дамуының баға жетпес мұрасы деп атауға болады. Бұл археологиялық құнды жәдігерлер бізге өткеннің құпияларын ашады, Ежелгі Тараз мәдениетінің, ғылымы мен қолөнерінің ортағасырлық қалалық мәдениеттің эталоны ретінде даму деңгейін анықтайды.

«Зергер көмбесі»-Ежелгі Тараз қаласының гүлденуі кезінде құрылған XI-XII ғғ.басындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи -мәдени қорық-музейінің құнды да бірегей музей  коллекциясы болып табылады.