«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған құнды жәдігерлерден «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» тақырыбында жылжымалы көрме Тараз жұртшылығының назарына ұсынылды. Жылжымалы көрме қазан айының 12-ші жұлдызына дейін көрсетіледі. Жылжымалы көрмеде б. з. д. 4–2 мыңжылдықтарды қамтитын Шірік-Рабат қалашығының алтын әшекей бұйымдары, Х–XVIII ғасырлар аралығында өмір сүрген Сығанақ қалашығының алтындары, VII–XI ғасырлардағы оғыздар пайдаланған Жанкент қыш бұйымдары қойылған.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері 1 қазан Халықаралық қарттар күніне орай «№ 1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ардагерлеріне «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында ардагерлерге Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Сондай-ақ ардагерлер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдар мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді.
2023 жылдың 2 қазан айында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығының қызметкерлеріне музейдің құрылғанына 25 жыл толу мерейтойына орай «Ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау мен республикалық деңгейде насихаттау» тақырыбында республикалық онлайн дәріс өткізді. Дәрістің мақсаты: Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Тараз қаласының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі, орны мен рөлі, Тараздың ежелгі және ортағасыр археологиясының зерттелу тарихын сараптау, талдау көзделген. Сонымен қатар дәріс барысында Жамбыл өңірінің республикалық маңызы бар мұралар тізіміне енген тарихи-мәдени ескерткіштердің тарихы мен аңыз әпсаналарына тоқтала өтіп, насихаттау болып табылады. Онлайн дәріс жұмысы келесі бағыттарды қамтиды:
• Рухани танымның түп негізі – Көне Тараз
• Қасиет қонған Әулиеата (Қарахан)
• Айша бибі кесенесі: аңыз бен ақиқат
Онлайн дәріске музей-қорықтың ғылыми қызметкерлері, әдіскерлер, археологтар, тарихшылар қатыстырылды.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері мекеменің 25 жылдығына орай М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттеріне «Бабадан қалған қолтаңба» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталып, «Тарих төріндегі Тараз» тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Дәріс барысында оқушыларға музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштерінің қайталанбас тарихымен, кесенелерге қатысты аңыз, әңгімелермен таныстырды.
Студенттер назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімін, жасалу техникасы мен пайдалану мақсатын түсіндірді.
Ұлттық құндылықтар – әрбір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан адамгершілік қағидаттары. Жылжымалы көрменің жасақталуы мен дәріс оқудың басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді. Аталмыш жиын соңында университет ұстаздары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына өз алғысын білдірді.
2021 жылғы 13 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды.
Салт-дәстүріміз бен руханиятымыздың белсенді насихатшысы, үлкен өнер ошағының отын маздатып отырған Жамбыл радиосы – жаңалықтың жаршысы болудан танған емес. Әуе толқынынан өтетін көптеген бағдарламалар арқылы төл мәдениетімізді насихаттауға, ана тілін дәріптеуге, ұлт санасын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып, қазақ мәдениетінің алтын қорын қалыптастырып келе жатқан мамандарға айтар алғысымыз шексіз. Сіздер халқымыздың талайлы тағдыры мен шежіресін қамтып, аумалы-төкпелі кезеңде де ел өмірінің маңызды оқиғаларын жұртшылыққа жедел жеткізіп, өшпес із қалдырып отырсыздар. Қазіргі таңда Жамбыл радиосы заман талабына сай дамыған іргелі ақпарат құралының бірі әрі бірегейіне айналды. Радио алдағы уақытта да жақсылықтың жаршысы болып, талғамы биік тыңдарман қауымды танымдық хабарлармен, тағылымды бағдарламалармен қуанта беретініне сенеміз. Сол үшін Сіздерге толағай табыстар тілейміз!