«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
Ағымдағы жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ілкі дәуіріндегі көне Тараз»тақырыбында жылжымалы көрменің салтанатты ашылуы «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей- қорығында өтті.
Іс-шараны ашып беру үшін алғашқы сөз «Есік» мемлекеттік тарихи- мәдени музей-қорығының директорының орынбасары Досым Зікірияға берілді, ол өткен тарихтан сыр шертетін көрмені ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, сәттілік тіледі. Ашылу салтанаты барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизханқызы көрменің мақсаты мен маңыздылығына тоқталды. Жылжымалы көрменің басты мақсаты: Тарих пен мәдениетті байланыстыра отырып, еліміздің мәдени мұрасын насихаттау, қолдану, сақтау және зерделеу, көне тарихтың куәсі болған құнды жәдігерлер тарихын халыққа ұсыну болып табылады.
Шара барысында жылжымалы көрменің ашылу салтанатының лентасын «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтаушысы Ұлболсын Алимханова мен «Есік» музей-қорығының директорының орынбасары Досым Зікірия қиып берді. Тарихы мыңжылдықтардың мұрасымен үндескен ежелгі Тараз қаласының тарихи шежірелі көрмесін қорық-музейінің қызметкерлері таныстырды.
Іс-шараға ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды да, бірегей жәдігерлерден тұратын жылжымалы көрме жасақталды. Онда VIII—IXғғ соғдылық үлгіде жасалған қыш құмыралар, ортағасырлық қыш ыдыстар: құмыралар, табақтар, көзелер, қақпақтар, (торсық), (сфероконустар), сынапкөзелер, суқұйғыштар, мұстахара, шырағдандар, моншақтар, күміс, нефрит, қола белдік жапсырмалары, әр кезеңге жататын монеталар қойылды. Іс-шара соңында «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының басшылығы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне рахмет айтып, Алғыс хатпен марапаттады.
  

«Түркі халықтарының рухани құндылықтары мен мәдени мұрасы» халықаралық ғылыми-әдістемелік конференциясы және түркі мәдениеті мен мұрасы қоры жанындағы реставраторлар мен тарихшы-сәулетшілер Консультативтік Кеңесінің қатысушылары мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енгізілген Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында орналасқан «Құлан » қалашығына іссапармен келді. Іссапар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінен келген қонақтар музей-қорық ұйымдастырған ұлттық тағамдар қойылған дастарханнан дәм татып, ерекше ықыластарын білдірді. Сонымен қатар қонақтарға «Музей ісі және экскурсиялық қызмет» бөлімінің экскурсоводы Жұмағұлова Фариза ортағасырлық «Құлан»қалашығына экскурсия жүргізді.

«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қор сақтаушысы Ұлболсын Алимханова және кіші ғылыми қызметкер Гүлмарал Үшкемпірқызы
Jambyl TV телеарнасына қор бөлімінде қандай құжаттар толтырылады және қазба барысында металлдан қандай жәдігерлер табылды, қазба барысында табылған жәдігерлер қай ғасырмен мерзімделеді, сондай-ақ қыш ыдыстардың қандай түрлері бар екендігі туралы сұхбат берді.
Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының
«Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің ғылыми қызметкері Мадина Ибадильдаева және тарихшы Жаннур Мусабаева
Jambyl TV телеарнасына музей-қорыққа қандай ескерткіштер кіреді, қай жерде орналасқаны, 150 жылдан бері зерттеліп келе жатқан «Ақыртас» сарай кешеніне тоқталып өтті. ⁠Халық арасында айтылып жүрген тарихи орындарға байланысты қандай аңыз-әңгімелер барын, ескерткіштер бүлінген жағдайда қандай жұмыстар жүргізілгендері туралы сұхбат берілді.
 
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының
«Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің басшысы Ұлжалғас Шаизханқызы
Jambyl TV телеарнасына музей-қорықтың құрылу тарихы, негізгі қызметі және қазіргі таңда музей де қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы сұхбат берілді.