«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
        «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» кәсіпорнының басшысы Берік Жүсіповтың қызмет барысындағы, соның ішінде тазалыққа қатысты жалғыз ғана ұраны: қызмет орның, жұмыс жасайтын жерің, көпшілік келетін нысан жеке үйіңнен де таза болуы тиіс. Басшы мұны айтып қана қоймайды, өзі соған жаз демей, қыс демей бел шешіп кіріседі. Міне, біздің биылғы жаңа жыл тағы да осындай, қазабат жұмыстар қатарымен басталды. Бүгін Қарахан кесенесінде сондай, жоспарлы тазалық жұмыстар қатары жүргізіліп, жабдықталған көлік құралдары іске қосылып, үлкен арықтардың бойы көп жылғы қоқыстан тазартылды. Аумақ үлкен, шалқып жатыр — 3,7 гектар, ал жұмыс қолы тапшы. Әулиелі жердегі осындай жұмыстарға өз техникаларымен, жұмысшылармен келіп, қолқабыс жасаймын дейтін мекемелер, ерікті азаматтар болса, қой демейміз.
        Бәлкім кейбіреулер ойлап отырған шығар, «Бұл не деген шет-шегі жоқ таусылмайтын күресін?» деп. Иә, оның таусылмайтын себебі бар. Мұның жиналғанына берісі бес-алты жыл, тіпті әрісі он, он бес жыл болуы мүмкін, егер одан әрірек болмаса. Анығын ешкім білмейді. Кәсіпорынға қатысты заңдастыру жұмыстарын біршама жолға қойып, шаруаларын бірыңғайлап алған басшы жаңа жылда тың қарқынмен іске кірісіп кетті. Осы жұмысқа бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай болып кірісіп кеткен кәсіпорын қызметкерлеріне іске сәт дейміз. Бір нәрсені өкінішпен айтуымыз керек: осының дені Қарахан кесенесі айналасындағы кейбір тұрғындардың, түн қараңғысын пайдаланып әкеліп тастап кеткен қоқыстары. Құрметті тұрғындар, сіздерден үлкен өтініш: әулиелі аумаққа ерекше құрметпен қарағыздар, біздің мекеменің жұмысшыларының еңбегін бағалаңыздар, тазалық сақтаңыздар!
 
 

      27 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы № 21 орта мектептің ұстаздары мен оқушыларына тарих апталығы аясында «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды

         Қазақ даласындағы ежелгі тарихи ескерткіштің бірі, ХІ ғасырдан бері сақталған сәулет өнерінің жәдігері Қарахан кесенесіне күтіп ұстау – біздің мекеменің басты міндетінің бірі. Осыған орай, киелі орынның басында жоспарға сай кезекті тазалық жұмысы жүрген болатын. Мекеме басшылығы мен кесене басындағы қызметкерлер ескерткіш аумағында өскен талдардың қураған бұтақтарын кесіп, шіріген кейбір ағаштарды арнайы техникамен белгіленген қоқыс алаңына жіберді. Сондай-ақ осы аумақтағы су жүретін арналар аршылып, көп уақыттан бері жиналған түрлі қоқыстар да сыртқа шығарылды.
         Бұл тазалық жұмыстарына қаладағы «Жасыл ел» еңбек ұжымы көп көмек көрсетті. Олар біздің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығы қызметкерлерімен бірлесе отырып, кесене басын күл-қоқыс пен жабайы шөптен тазалау, тал балақтау сияқты жұмыстарды қатар атқарған болатын.
         Қала мен ондағы көне сәулет ескерткіштерін таза ұстау – баршамыз үшін міндет екені белгілі. Ал жоғарыда айтқан тазалық жұмыстарының соңында мекеме басшылығы «Жасыл ел» ұжымын арнайы марапаттап, алғыс білдірді.
Айта кетейік, мұндай тазалық жұмыстары алдағы уақытта өзге де кесене мен ескерткіштер басында жиі жүргізілетін болады.
 

 

15 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №11 орта мектебінің оқушыларына «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. Іс-шара соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары музей-қорық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

 

           

 

24 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Т. Рысқұлов атындағы № 48 орта мектебінде қалалық семинарға байланысты, келуші қонақтарға, мектеп ұстаздарына, оқушыларына «Келешектің тұтқасы–білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақталды. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді. 

 

           

           

27 қаңтар. «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Жұмабаев атындағы № 21 орта мектептің ұстаздары мен оқушыларына тарих апталығы аясында «Келешектің тұтқасы – білімді ұрпақтар» тақырыбында жылжымалы көрме жасақтады. Ескерткіштердің құндылығын әрі мән-мағынасын музей-қорық мамандары айтып түсіндірді. Жылжымалы көрмеге Қарахан мемлекеті тұсында жасалған қыш ыдыстар, құмыра, қазандар, сұйықтық сақтауға арналған сынапкөзелер, қоладан құйылған шырағдандар, су құбырлары, жасыл, ақ, қоңыр түсті табақшалар, тиындар жиынтығы және сиясауыт сынды көптеген жәдігерлер қойылды. 

 

        

     




«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Ақдидар Кәрібекова «Жамбыл» радиосының FM 100,8 әуе толқынында «Тағылымды тарихы бар Сарысу жеріндегі Шоқай датқа кесенесі» тақырыбында сұхбат берді.