Бүгiн "Ежелгі Тараз ескерткiштерi" мемлекеттiк тарихи мәдени музей корығының қызметкерлері JAMBYL TV телеарнасының «Қайырлы таң, Жамбыл!» атты таңғы бағдарламасында қонақта болды. Бүгiнгi тiкелей эфир 15 қараша – Ұлттық валюта күнiне арналды. Бұл күн тәуелсiз елiмiз үшін маңызды оқиғалардың қатарында. Осы орайда көрермендерге археологиялық қазба жұмыстары кезiнде табылған караханид, саманид дәуiріне жататын теңгелердің тарихы таныстырылды.
Қараша айының 10 жұлдызында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Қарахан және Дәуітбек кесенелерінде, сондай-ақ Айша Бибі кесенесінде Меркі ауданынан келген ауданға еңбегі сіңген ардақты аналар, әрі белсенді азаматшаларға экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында музей-қорығының қызметкерлері шаһардың шырайын кірігізіп, ажарын ашып тұрған діни ескеткіштер жайлы халық аңыздарын баяндап берді. Экскурсияның соңында ардагерлер есте қаларлықтай айтылған барша мәліметтер өте қатты қызықтырғанын айтып, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлеріне алғыстарын білдірді. Ардагерлерді ардақтап, қарттарды құрметтеу - қанымызға сіңген үрдіс. Қарияны құрметтеу - бабалардан мирас болған мұрамыз, баршамыздың парасатты парызымыз.