«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
Құрметті Тараз қаласының және облыс тұрғындары! Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы ұйымдастырып отырған «МУЗЕЙГЕ СЫЙ ТАРТУ» акциясына барлық азаматтарды белсене қатысуға шақырамыз!
Акциясының мақсаты – ата-бабаларымыздың қол еңбегінен туындаған, мәдениетіміздің асыл бөлшегі болған тарихи құнды жәдігерлер жинақтап, халқымызға насихаттау. Аталған акцияға өңіріміздің тарихына, ежелгі қаламыздың мәдени өркендеуі мен дамуына өз үлесін қосамын дейтін азаматтарды атсалысуға шақырамыз.
Сіздерде құнды көне тұрмыстық заттар, ерекше әсерлі тарихы мен аңызы бар отбасылық құндылықтар сақталса, ол мұраларды бізге келіп тапсыруларыңызды сұраймыз!
«Музейге сый тарту» акциясына үн қатқысы келетін әрбір жанға алдын-ала алғысымызды білдіре отырып, мына мекен-жайымыз бойынша:
Тараз қаласы, Бектұрғанов көшесі №3 шақырамыз.
Дүйсенбі–жұма аралығында
сағ. 9:00–18:00 есігіміз әрдайым ашық!
Байланыс телефондары: 43-08-26
е.mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттеу» тақырыбында жиын өтті. Аталмыш жиналыста 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мекемедегі сыбайлас жемқорлық қатерлерді жою бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсан күні еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуы, археологиялық нысандарды қалпына келтіріп, қайта жаңғыруы бағытында айтарлықтай қызмет атқарып келе жатқан «Қазқайтажаңарту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылғанына 50 жыл толуына орай, Алматы қаласында салтанатты жиын өтті. Алғы сөзді бастаған Кәсіпорынның бас директоры Махаббат Бигельдиев ғылыми-реставрация бағытындағы жұмыстардың маңыздылығын баяндап, ұжым қызметкерлерін елу жылдық мерейтоймен құттықтады. Ұлт игілігі жолындағы еңбектеріне толайым табыс тіледі.
Жиын барысында кәсіпорын тарихы туралы арнайы бейнеролик көрсетіліп, «Жаңғырған Тарих» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті. Ұжым ардагерлері мен қызметкерлері, әріптес кәсіпорын басшылары мерекелік медальдармен марапатталды.
Аталмыш жиынға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының бөлім басшысы – Шілдебаева Жазира қатысып, республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ұжымын музей-қорық ұжымының атынан мерейтойларымен құттықтап, жұмыстарына табыс тілеп, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Жүсіпов Берік мырза «Қазқайтажаңарту 50 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Қазақ елінің егемендігі – ұлы дала халқының қастерлі құндылығы. Татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетіп, жаңа белестерді бағындырды. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербетілген елдің береке-бірлігін сақтау – Мемлекетіміздің басты мақсаты.
Осы орайда Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің «Оқушылар сарайы» КММ-де 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тараз заманауи қылқалам шеберлерінің көзқарасымен» тақырыбында балалар арасында сурет салу байқауын өткізді. Балалар ежелгі Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлердің суретін бейнеледі. Іс-шара соңында барлық балалар марапатталып, сыйлықтар табысталды.
 
 
Ағымдағы жылдың 14 - ші желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мен «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының» мамандарының ұйымдастыруымен «Археологиялық нысандарды сақтау және дәріптеу және оларды мұражайландыру» тақырыбында республикалық онлайн конференциясы өтті. Аталмыш конференцияға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Шаизхан Ұлжалғас қатысып, «Мәдени ескерткіштер – тарихтан сыр шертеді» тақырыбында баяндама жасап, музейге қарасты республикалық маңызға ие және де ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мұралар тізіміне енген ескерткіштердің қорғалуы мен өскелен ұрпаққа насихаттау жолында жасалып жатқан жұмыстары жайлы толығырақ ақпараттар айтылды.
Конференция барысында көптеген орынды тақырыптар талқыланып, сұрақтар қойылып, ескерткіштерді қорғау саласы бойынша сынды мәселелер қозғалды.