«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері «Абай» телеарнасының «Шаһар шежіресі» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Республикалық маңызға ие ортағасырлық Қарахан және Дәуітбек (Шомансұр) кесенелерінің құрылу тарихы және кесенелер жайлы аңыздар баяндалды. Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан, үлкен руханият орталығы болған Тараз қалашығының орталық бөлігінде орналасқан «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық саябағының тарихы тереңнен айтылды.

Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының «Тараз-Туризм» туристік ақпараттық орталығы «16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты нысандарында Қ. Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйіне экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында музей-қорығының қызметкерлері шаһардың шырайын кіргізіп, ажарын ашып тұрған ортағасырдың інжу-маржанына айналған Айша бибі, Бабаджа хатун кесенелерінің құрылу тарихы туралы аңыздарды баяндап, Қарахан және Дәуітбек (Шомансұр) кесенелерімен таныстырды.
Танымдық экскурсияның мақсаты – оқушыларды Жамбыл облысының көрікті жерлерімен, туристік әлеуетімен және туристік мүмкіндіктерімен таныстыру, балалардың болашақта тарихты зерделеуге және дені сау ұрпақты қалыптастыруға ықпал ету, жастардың азаматтық-патриоттық және саналы әлеуметтік жауапкершілік сезімін тәрбиелеу болып табылады. Ежелгі Тараз қалашығының тарихы туралы қызықты және мазмұнды мәліметтерді балалар қызығушылықпен тыңдады.
 
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері №23 орта-мектебінде жылжымалы көрме өткізді. Оқушылар назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Тараз қалашығынан табылған құнды жәдігерлер ұсынылды. Атап айтсақ, әр кезеңде басылған тиындар, қазандар, табақтар, құмандар, шырағдандар, құмыралар сияқты заттардың тарихымен танысты.
Құнды жәдігерлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, насихаттау және дәріптеу жұмыстарын жүргізу басты мақсат болып табылады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары жылжымалы көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді. Сондай-ақ музей ұжымына алғыс білдіріп, алғыс хат табысталды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері Халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жаратылыстану» факультетінің «Тарих және география» кафедрасының білімгерлеріне «Ежелгі Тараз қаласының тарихы мен тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Дәріс барысында білімгерлерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихы, аңыз-әңгімелерін таныстыру арқылы олардың қызығушылығын оятты.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің технологиялық факультетінің «Тамақ және өңдеу өндірістерінің технологиясы және инженеринг» және «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандықтарының білімгерлеріне «Ежелгі Тараз қаласының тарихы мен тарихи-мәдени ескерткіштері» тақырыбында танымдық дәріс оқылды. Дәріс барысында білімгерлерге музей-қорығына қарасты Республикалық маңызы бар 30 тарих және мәдениет ескерткіштерінің тарихы, аңыз-әңгімелерін таныстыру арқылы олардың қызығушылығын оятты.