«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

9 мамыр – ерлік пен елдіктің, қайсарлық пен қаһармандықтың мәңгілік символы. Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Ата-бабаларымыздың ерлігі ұмытылмайды, рухы мәңгі жасайды! Бейбіт күніміз баянды болсын! Жеңіс күні құтты болсын!

#ЖеңісКүні #9Мамыр #80жыл #ҰлыЖеңіс

 

     Әлия мен Мәншүктен бөлек, 7 747 қазақ қызы майданға аттанған. Оның 637-сі — офицер. 
     Біз ЖИ көмегімен тек танымал батырларды ғана емес, есімі елеусіз қалған ержүрек аналарымыздың
бейнесін де жандандырдық. Хиуаз Доспанова, Мәдина Ысқақова, Халида Мамановалар — солардың бір
парасы ғана. Бұл жоба — ұмытпау үшін, ұлықтау үшін.
     Бұл — ұрпаққа аманат, ерлікке тағзым!   Ұлы тұлғалар әрдайым жүрегімізде!
 

    Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бастау алған «Бір батыр – бір тарих» акциясы аясында патриоттық маңызды шара өтті.Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Ақгүл Алтынбекова Тараз қаласындағы Ұлттық гвардияның 5513 әскери бөлімінде болып, әр өңірден келген сарбаздарға көне шаһар – Тараздың бай тарихи мұрасын таныстырды.Көрме аясында сарбаздар ата-баба ерлігіне тағзым етіп, Ұлы Жеңістің маңызын терең сезінді.Тарихты ұлықтау – ұрпақ парызы!#Жеңіске80жыл #БірБатырБірТарих #ЕжелгіТараз #5513ӘскериБөлім #ЖеңісРухы

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық университет білімгерлеріне «Жалпақтөбе қалашығы» тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты республикалық маңызы бар 30 тарихи-мәдени ескерткіштің тарихы, археологиялық ерекшеліктері мен сол ескерткіштерге байланысты аңыз-әңгімелер айтылды.  Бұл кездесу — жастардың тарихи сана-сезімін оятып, ұлттық мұраны қадірлеуге бағытталған маңызды қадам болды.