Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының тарихшысы Мадина Мананбайқызы «Жамбыл» радиосы «Асыл қазына» бағдарламасына тарих, археология саласына байланысты сұхбат берді. Сұхбат барысында археология ғылымдарының шығу тарихы, Қазақстанды зерттеген орыс археологтары, Қазақстанда археология ғылымының дамуы туралы айтылды. Бағдарлама әр дүйсенбі сайын FM 100,8 әуе толқына шығады.
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Туризм және сервис» кафедрасының «Сервис» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырып отырған «Тараз – Жібек жолының інжу-маржаны» тақырыбында көшпелі ашық отырыс (семинар-конкурс) өткізілді. Семинар аясында студенттерге Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің «Ежелгі Тараз Ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты «Көне Тараз» археологиялық ашық аспан астындағы саябағында қазба жұмыстары барысында табылған музейдің құнды әрі бірегей жәдігерлерінен жылжымалы көрме жасақталып, экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында студенттер өз қызығушылықтарын білдіріп, көптеген сұрақтар қойып, жауабын ала алды. Жылжымалы көрменің жасақталуы – ата-бабамыздан мирас болып қалған сан ғасырлық тарихты өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады.