«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар
             Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
             Кездесу барысында университет ректоры Махметқали Нұрғалиұлы Сарыбеков пен музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы Мергенбай тарихи-мәдени нысандарды бірлесе дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру бағытында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін атап өтті.
             Аталған меморандум екі тарапқа тәжірибе алмасу, ғылыми экспедициялар ұйымдастыру, студенттердің практикалық сабақтарын өткізу, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.
 

Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының кіші ғылыми қызметкері Гүлмарал Үшкемпірқызы «ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ» атты ғылыми-практикалық конференцияда «Ерлік пен рух жыршысы – Жамбыл Жабаев» тақырыбында баяндама оқыды.

            Бүгін М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттері үшін ерекше күн болды!
            «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы студенттерге «Қостөбе қалашығының археологиялық қазба жұмыстары және табылған құнды артефактілер» тақырыбында тартымды дәріс өткізді.
            Дәріс барысында:
            – Қостөбе қалашығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының кезеңдері;
            – Жер қойнауынан табылған бірегей артефактілердің тарихы;
            – Олардың өңір мәдениеті мен өркениеті үшін маңызы кеңінен түсіндірілді.
Осындай танымдық кездесулер жас ұрпақтың отан тарихына деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраға құрмет сезімін қалыптастырады.
 
         “Ежелгі Тараз ескерткіштері” мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының “Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау” бөлімінің тарихшысы Ерғабылқызы Ақерке Сағадат Нұрмағанбетов атындағы №10 мектептің 7 «В» сыныбында ерекше танымдық дәріс өтті. Тақырыбы – «Ақтөбе қалашығы – көне Тараздың алтын қақпасы». Сыныпта тарихқа саяхат! Оқушылар алдымен қарапайым тарихтан бастады деп ойлады… бірақ дәріс басталған сәттен-ақ олардың назары қаланың жасырын сырлары мен ежелгі құпияларға ауды!
         • Ақтөбе қалашығы қашан пайда болды?
         • Ол қалай Тараз өркениетінің алтын қақпасына айналды?
         • Қандай археологиялық табылғылар тарихты өзгерте алады?
          Міне, осы сұрақтар оқушылардың қызығушылығын одан әрі оятып, оларды тарихты зерттеуге, сұрақ қоюға және ойлануға жетеледі. Дәрісте әр факт бір жұмбаққа айналып, білім мен ойын бір-бірімен ұштасты.
          Ақырында, оқушылар тек мәлімет алып қана қоймай, көрген-білгендерін топпен талқылап, өз көзқарастарын ортаға салды. Тарихтың осы бір қызықты қырлары – олар үшін шын мәнінде саяхатқа тең болды.
 
             «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қарақожа мешітінің тарихи және мәдени мұра ретінде сақталуы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
             Дәріс барысында студенттер Қарақожа мешітінің аймақ тарихындағы орны, оның сәулеттік ерекшеліктері мен мәдени мұра ретінде қорғаудың маңызы туралы жан-жақты ақпарат алды. Сонымен қатар, тарихи ескерткіштерді сақтау бойынша заңнамалық негіздер мен практикалық жұмыстар да талқыланды.