Жаңалықтар
Бүгін «Ежелгі Тараз» ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымы мен Оқушылар сарайының туристік-өлкетану үйірмесі бірлесе отырып, «Ежелгі Тараз – археологиялық зерттеулер тарихы» атты танымдық көрме өткізілді.
Көрмеге үйірменің 15-тен астам жас ізденушісі қатысып, көне Тараз қалашығынан табылған тарихи жәдігерлер мен бірегей археологиялық артефактілермен танысты. Көрме барысында қатысушылар ежелгі Тараздың бай мәдени мұрасын, археологиялық зерттеулердің маңызын тереңірек танып, туған өлкесінің тарихына деген қызығушылықтарын арттырды.
Іс-шара жас ұрпақтың патриоттық рухын, тарихи сана-сезімін қалыптастыруға және ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін нығайтуға бағытталды.
Бүгін Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясында «Ежелгі Тараз» ескерткіштері тарихи-мәдени музей-қорығының ұжымымен бірлесе отырып, «Жәдігерлер сыр шертеді» атты жылжымалы көрме өткізілді.
Көрме барысында оқушылар көне Тараз қалашығынан табылған ерекше тарихи жәдігерлер мен археологиялық артефактілерді тамашалады. Музей қызметкерлері оқушыларға ежелгі қаланың тарихы мен мәдениеті туралы қызықты мәліметтер ұсынып, сұрақтарына жауап берді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың өз өлкесінің тарихына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мәдени мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру болып табылады.
Археологиялық ашылым ба, әлде тарихтың жаңғыруы ма? Тәңірқазғанның құпиясы ашылды!
Тарихтың тереңінен сыр шертетін Тәңірқазған тұрағы жайлы тың деректермен танысу мүмкіндігі!
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Бизнес экономикасы» мамандығының 1 курс студенттеріне ерекше дәріс өткізді.
Дәріс барысында студенттер көне артефактілердің ғылыми және мәдени құндылығын, сондай-ақ олардың өңір тарихындағы маңызын тереңінен танып білді.
Өткеннің ізімен бүгінге жеткен жәдігерлер – болашаққа бағыт берер рухани қазына!


Сіз Тараз қаласындағы жаңа бейнеде жаңартылған мешітті білесіз бе?
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты Әбдіқадыр мешітіне бүктеме парағымен таныс болыңыз!
"Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының” ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау" бөлімінің тарихшысы Орынбасар Ақерке М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінде тарих мамандығының бірінші курс студенттеріне «Тараз қалашығы – көне өркениет ордасы» атты танымдық дәріс өткізді.
Бұл дәріс барысында студенттерге көне Тараз қаласының тарихы, археологиялық зерттеулердің нәтижелері мен ескерткіштердің мәдени маңызы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Сонымен қатар, музей-қорықтың аймақтың тарихи мұрасын сақтаудағы және насихаттаудағы рөлі туралы айтылды.



12 Қараша 2025
156