«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Қырғызстан мемлекеті, Алматы, Ақтөбе қалаларынан іссапармен келген "Jana sana" ҚҚ-ның қызметкерлері мен мүшелеріне және де осы қоғамдық қордың жобасына спонсорлық жасап жатқан АҚШ-ның Кентукки қаласынан келген Хью мырзаға "Айша бибі", "Қарахан" тарихи-мәдени кешендері, "Көне Тараз" археологиялық саябағы мен "Қали Жүніс" моншасы бойынша экскурсия жүргізілді.

 

▫️ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өңірлік бюросы ЮНЕСКО-ның Төтенше мұра қоры мен оның донорларының қолдауымен «Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту және мәдениет саласындағы төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік әлеуетті нығайту» атты семинар ұйымдастырды.
▫️Семинардың мақсаты - қатысушыларға апаттар қаупін азайту және мәдениет саласындағы төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету бойынша білім мен дағдыларды беру, сондай-ақ ақпарат алмасу үшін аймақтық желі құру болып табылады.
▫️2024 жылдың 8-12 сәуір аралығында Алматы қаласында өткен семинарға
</div>
 
<div class=

"Kazagrohambyl-2024" халықаралық ауыл шаруашылығы форум-көрмесі аясында Қырғыз Республикасының су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрінің бірінші орынбасарына және де Түркия мемлекеті ауыл шаруашылық министрлігінің қызметкерлеріне "Ежелгі Тараз ескеркіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының республикалық, туристік потенциалы жоғары нысандарына экскурсия жүргізілді.

 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен Нарғозы Данаев атындағы №51 орта мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Тарих аясындағы көне Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме өтті.
Жылжымалы көрме барысында оқушылардың назарына археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер ұсынылды. Сондай-ақ, әр кезеңге жататын мәдени қабаттан табылған қыш бұйымдары мен металдан жасалған бұйымдардың мерзімі, жасалу техникасы мен пайдалану мақсаты түсіндірілді. Жылжымалы көрменің жасақталуының басты мақсаты – ғасырдан-ғасырға жеткен халықтың қазынасы, ұлтымыздың рухани байлығы – құнды жәдігерлерді өскелең ұрпаққа насихаттап, дәріптеу болып табылады. Өз кезегінде, оқушылар мен ұстаздар алғыстарын білдіріп, өздерінің үлкен қызығушылықтарын танытып, көрмеден алған әсерлерін таңданыспен жеткізді.
 
 

Ағымдағы жылдың 29 ақпан күні ҚР Ұлттық музейі ұйымдастырған «Музей экспонаттарын жетекші шетел реставрациялық зертханаларында консервациялау және қалпына келтіру» атты біліктілікті арттыру семинар-курсына кәсіпорынның бас қор сақтаушысы А. Жанбосынова мен суретші-реставраторы Б. Тазан қатысты. Аталмыш семинарда Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі консервация және реставрация қызметінің қызметкерлері Қазақстаннан тысқары жерлерде, американдық әріптестер ұйымдастырған халықаралық жоба бойынша Ташкентте (Өзбекстан), Санкт-Петербург, Мәскеу және Қазан (Ресей) қалаларында өткен біліктілігін арттыру курстарынан жинаған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, реставрация бойынша игерген қазіргі таңда қолданатын әдіс-тәсілдерін үйретіп, жас реставратор мамандарға әдістемелік бағыт-бағдар берді.