«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / «Бір батыр – бір тарих» акциясы аясында патриоттық іс-шара

«Бір батыр – бір тарих» акциясы аясында патриоттық іс-шара

    Ұлы Жеңіске – 80 жыл! Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бастау алған «Бір батыр – бір тарих» акциясы аясында патриоттық маңызды шара өтті.Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының экскурсоводы Ақгүл Алтынбекова Тараз қаласындағы Ұлттық гвардияның 5513 әскери бөлімінде болып, әр өңірден келген сарбаздарға көне шаһар – Тараздың бай тарихи мұрасын таныстырды.Көрме аясында сарбаздар ата-баба ерлігіне тағзым етіп, Ұлы Жеңістің маңызын терең сезінді.Тарихты ұлықтау – ұрпақ парызы!#Жеңіске80жыл #БірБатырБірТарих #ЕжелгіТараз #5513ӘскериБөлім #ЖеңісРухы