Жаңалықтар
Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы Жамбыл инновациялық жоғары колледжінде “Ежелгі Тараздағы қолөнер мен зергерлік бұйымдары” тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында студенттер көне дәуірдегі қолөнер үлгілерімен, зергерлік әшекейлердің жасалу технологиясымен және Тараз өңірінің мәдени мұрасымен жақынырақ танысты. Шараның мақсаты – жастарға тарихи құндылықтарды насихаттау және ұлт мұрасының маңызын таныту
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің қарамағындағы «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығы М.Х. Дулати атындағы Тараз университетімен екі жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Кездесу барысында басқарма төрағасы – ректордың уақытша міндетін атқарушы Сейтжан Әуесжанұлы Орынбаев пен музей-қорық директоры Нұржан Мергенбайұлы Мергенбай тарихи-мәдени нысандарды бірлесе дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын күшейту, жастардың тарихқа деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ нарыққа жаңа өнімдерді шығару бағытындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екендерін атап өтті.
Аталған меморандум екі тарапқа тәжірибе а лмасуға, ғылыми экспедициялар ұйымдастыруға, студенттердің практикалық сабақтарын өткізуге, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен мәдени іс-шараларды жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенттеріне «Жазылбек Қуанышбаев және қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығы» тақырыбында мазмұнды дәріс өткізді.
Кездесу барысында Жазылбек Қуанышбаевтың елге сіңірген еңбегі, қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшеліктері, сондай-ақ бұл саланың ұлттық мәдениет пен тарихтағы маңызы кеңінен түсіндірілді.



Бүгін «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Ғылыми қызмет және ескерткіштерді қорғау» бөлімінің тарихшысы Ақдидар Жәнібекқызы М. Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Туристік бизнес» мамандығының 1 курс студенттеріне «Абдулла ишан мешіті және оның тарихи маңызы» тақырыбында танымдық дәріс өткізді.
Кездесу барысында
– Абдулла ишан мешітінің тарихы мен салыну ерекшеліктері;
– Мешіттің өңірдің рухани өміріндегі орны;
– Тарихи мұра ретінде сақталуының маңызы жан-жақты түсіндірілді.
Осындай тағылымды дәрістер жас мамандардың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды тереңірек тануға мүмкіндік береді.



Іс-шара барысында ғалымның өмір жолы, ғылымға қосқан айрықша еңбегі, академиялық дәрежесі мен мәртебесі, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар мен өркениеттерді зерттеудегі өлшеусіз үлесі жан-жақты баяндалды. К.М. Байпақовтың археология ғылымын жаңа деңгейге көтерудегі рөлі, Орта Азия мен Қазақстанның ежелгі қала мәдениетін зерттеудегі бірегей жаңалықтары келелі талқыланды.
Сонымен қатар студенттер үшін танымдық ойындар мен интерактивті сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылып, олар ғалым мұрасына байланысты қызықты деректермен танысты. Бұл дөңгелек үстел жас буынға тарихи сананы қалыптастыруға, ұлттық археологияның аса маңызды тұстарын терең түсінуге үлкен мүмкіндік берді.




05 Желтоқсан 2025
2