«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Діни ескерткіштер / Әбдіқадір мешіті, сәулетшісі белгісіз, XХ ғасырдың басы

Әбдіқадір мешіті, сәулетшісі белгісіз, XХ ғасырдың басы

Әбдіқадір мешіті Тараз қаласы-нының Абай-Көшеней көшелерi-нiң қиылысында орналасқан. Тарихи ескерткіш санатына жататын Әбдіқадір мешіті XX ғасырдың басында салынған, Тараз қаласының үлкен мешіттерінің бірі болып саналады.

Үлкен ауласы және Әулиеата жеріндегі үлкен медресесі болған.  1920 жылдардың басында кешен толықтай бұзылып, қазіргі таңда оның тек кіре-беріс бөлігі ғана сақталған. Бұл мешіттегі бас имамдық парызды 1920 жылдарға дейін мұсылман әлеміне кеңінен таныс білімдар, ислам өркениеті мен рухани білімнің негіздерін зерттеп көптеген еңбектер жазған, есімі  осы күнге дейін ел аузында жүрген Алтынхан төре атқарған.

Алғаш қайта қалпына келтіру жұмыстары 1975-1980 жылдары жүр-гізілді. 1990-шы  жылы мешіттің кіре беріс есігі қайта қалпына келтіріліп, екі жақ жақтауы өрнекпен қашалған. 1992 жылы кешен аумағына жаңа медресе ғимараты салында. 2002 жылы мешіттің кіре-беріс қас бетіне толықтай қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Кешеннің кіре берісі көркем мұра ретінде бағаланады, ол алғашқы құрылыс бөлігі – «дарбаза» түріндегі есігі. Айшықты есік пен күмбезді ескерткіш орын күйдірілген кірпіштен салынған, бас бет алды Көшеней көшесіне қараған. Күмбезінен тек жабу аралықтары ғана қалған. Кіре берісінің мол көлемді композициясы ортағасырлық аумақтық сәулет өнеріне тән элементтерді пайдалана отырып, дәстүрлі формада орындалған. Ауладағы батыс жақ іргесінің ортаңғы білікте қуысы бар, ол қақпаның маңдайшасына кіре орналасқан. Аула жақ сырты да екі қатарлы ұялармен өрнектелген. Бір төменгі қуысы шатырға кіретін саты болып табылады. Есік тұсындағы ішкі кеңістігі симметриялы орналасқан үлкен қуыстарымен кеңейтілген және доға тәрізді есік болып келеді, оның сыртына онша биік емес аркалы шамы бар күмбезді мұнара қойылған.