Абдулла Ишан мешіті, сәулетшісі белгісіз, ХХ ғасырдың басы, 1900 жыл
Жамбыл облысындағы тарихи-мәдени ескерткіштер ішіндегі елеулілерінің бірі – тарихи мұралардың сәулет өнері санатына жататын нұсқасы – Талас ауданындағы Үшарал мешіті (Ештайбек көшесі №7 орналасқан). Мешіт XІХ-ғасырдың басында Әулиеата – Тараз жеріне табан тіреген өз дәуірінің зиялы қауымы санатындағы қожа-молдалар жер-жерде мешіт, медреселер салу жұмысын қолға алса керек. Бұл ұсынысқа жергілікті азаматтар аянбай, қолдан келген көмегін көрсетеді.
Үшарал мешітінің құрылысы 1900 жылы аяқталып, пайдалануға берілген. Жалпы құрылыстың басы-қасында болып, құрылысшылар тарту, материалдар дайындау ісімен сол кездегі Үшарал, Тоғызкент аймақтарының имамы болған Абдулла Ишан деген діндар адам айналысқандықтан, мешітті Абдулла Ишан мешіті – деп атап кеткен.
Сәулет өнерінің шешімі бойынша – арқалық-күмбезді ғимарат. Орталық зал диаметрі 8 метр-ге жуық үлкен күмбезбен жабылған, 15 шағын күмбездер басқа да бөлмелерді және айванды үш жағынан жауып тұр. Үлкен айванмен көмкерілген шығыс және батыс қабырғалары мешітке ерекше сән беріп тұрса, қасбеттері бет жақтық кірпіштік қалаумен безендендірілген. Оңтүстік-батыс зал қабырғасында дін оқуының интенциялары сақталған, эпиграфиялық картушы П-тәрізді жиектелген михрабты қуыс орнатылған.
Мешітті 1945 жылы археолог Г.И.Пацевич зерттеген.
Қайта жаңғырту жұмыстары (1985-1986; 2003 жылдары) Республикалық «Казреставрация» мамандарымен зерттеліп, қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.