«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар

Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" деген тақырыппен халыққа жолдауын жариялады. Жолдаудағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөлімінде басым бағыттардың бірі білім беру сапасын жақсарту болып табылады. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі қыркүйек айыннан бастап жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өлке тарихы» атты тақырыптық үйірме ұйымдастырылды. Үйірме сабағы барлық санитарлық талаптарға сай жүргізілді. 11 - қыркүйек күні «Туған өлке тарихы: Көне Тараз қалашығының тарихы» атты тақырыпта №22 мектеп оқушыларына үйірменің бірінші сабағы өткізілді. Үйірме жұмысы өз жалғасын табуда.

Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен 6 шілде Елорда күніне орай,  2020 жылдың  шілде айының 23- ші жұлдызында  «Ұлы Дала астаналарының тарихы» атты тақырыпта Zoom бағдарламасы негізінде онлайн форматында Республикалық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.

 

Конференцияға отандық ғалымдар мен археологтар, қорық- музей және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, туризм саласының мамандары қатысты.

Конференцияны Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсенәліұлы кіріс сөзімен ашып, оның мақсаты мен маңызына тоқталды.

Конференцияға музейдің  ғылыми қызметкері Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы модераторлық етті.

Онда «Ұлытау»  ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей – қорығының директоры Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы «Ұлық Ұлыс астанасы», «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарих ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ доценті Тастанбеков Мұрат Мейірбекұлы– «ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи –мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері, Тарих ғылымдарының PhD - докторы  Ералы Ақымбек Шардарбекұлы – «Әулиеата өңіріндегі ортағасырлық астаналық қалалар», Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Жұмабаев Амангелді Жеңісұлы– «САРАЙШЫҚ - ҰЛЫҚ ҰЛЫС, НОҒАЙ ОРДАСЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ АСТАНАСЫ», «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени музей   қорығының тарихи- мәдени   мұраларды  қорғау  бөлімі басшысы  Ташбаев Жұмабек  Кусбаевич -  «Сайрам (Испиджаб)  қаласының  қазақ тарихындағы алар орны», «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің» ғылыми қызметкері Сералы Нұрлан Орынбасарұлы - «Фараб оазисіндегі оғыз тайпаларының саяси орталықтары», Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы экспозициялық-көрме бөлімінің басшысы   Қажымұрат Алмагүл Қажымұратқызы - « ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА!», Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры  Тұрдықұл  Қасенұлы Шаңбай – «Алаш-Семей және Әлихан Бөкейхан», Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» директоры Қалиев Сауран Қалиұлы – «Өркениеттер тоғысындағы Тараз» аттыбаяндама жасады.