Қорық-музейі радиоэфирде
Өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында, Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар, тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған Тараз жерінде орналасқан мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды жөн көрдік. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері,әр аптада FM 108 радиосында «Тараз-ғасырлар куәсі» атты айдарында қорық-музей қызметкерлері сұхбаттар беріліп отырады.
Бүгінгі радиоэфир біздің еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи ескерткіштерді қорғау және дәріптеу ісіндегі жетістіктеріне арналды. Қорық-музейінің экскурсоводы Б. Тәжібаев радио тыңдаушыларына "Мәдени мұра" мемлекеттік бағдарламасы, "Рухани жаңғыру", "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақалаларының тарихи құндылықтарымызды сақтауға байланысты жүзеге асырылуы және қорық-музейінің дамуындағы рөлі туралы айтып берді.