«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Аңыздар / «Айша сұлу»

«Айша сұлу»

Айша-Бибі және Бабаджа-Хатун кесенелері туралы халық аңыздары

В.А. Каллаур «Әулие-Аталық Қарахан әулетінің шығу тегі туралы» атты мақаласында былай деп жазады: «Бір аңызда Айша-Бибі Измайл-Атаның қызы деп айтылады». Одан ары басқа дерек келтіреді: Басқа біреулердің айтуынша ол қытай халқының қызы және Әмір Темірдің әйелінің сіңлісі екен. Бұхарада соғылып жатқан медресеге деп бірнеше тең алтынды алып келе жатқан ару осы тоқтаған жерде ауырып қайтыс болады. Сол арудың құрметіне Әмір Темір шеберлерді жиып осындай теңдессіз ғимарат тұрғызады.

Белгілі жазушы Б. Әбілдаев, былай деп жазады: Кесене XIII-ғ. басында, Шыңғысхан шапқыншылығының алдында салынғын. Айша-бибі Қожа Ахмед Яссауйдің туысы Арыстан баптың алтыншы ұрпағы, Әкесі-Зеңгі-Ата(баба)-деп аталып кеткен. Айқожа есімді кісі 1258 жылы қайтыс болған. Оның Мавзолейі Тәшкен қаласының маңында.

Тарихтан Айша-бибі, Бабаджа-хатун, Қарахан кесенелерінің байланыстыратын аңыздардың көптеген нұсқаларының бізге жеткені белгілі.

Оның бірінде Самарқан шонжары Зеңгі-атаның жас қызы Айша сұлуды жылан шағып өлтірген.

Тараз әміршісі Қараханның романтикалық махаббаты мен қайғылы қазасы туралы баяндалады. Осы таңғажайып асқақ, қайғылы махаббат туралы аңыз ұрпақтан ұрпаққа беріліп келеді.

«Мараканд билеушісі Қараханнан көмек сұрайды: Жат-жерліктер тонап, өлтіріп» жатыр. Қарахан әскерін жиып, көмекке асығады. Дұшпандарды жеңген той үш күн, үш түнге жалғасады. Марақанд патшасы көмегі үшін қараханға сыйлық бермек болады. Бірақ Тараз әміршісі ол сыйлықтарға көзінің қиығында салмайды. Оның есіл-дерті патша қызы Айша сұлуда еді. Ал патша қатты ашуланады, жанынан да жақсы көретін қызын бергісі келмейді. Қатты қайғырған Қарахан Таразға қайтады, бірақ махаббат отын өшіру мүмкін бе? Оған жылдар да, жер қашықтығы да кедергі емес. Түн жамылып Айша сұлу жеңгейі Бабаджа хатун екеуі Марақандтан қашып Таразға бет алады. Шешенің ақылына да, әкенің тыйымына да қарамайды. Міне Тараз да көрінеді. Қалаға бірнеше шақырым қалғанда соңғы рет тоқтап дем алуға аялдайды. Таңертең Айша өзен жағасына жуынуға кетеді.

Қара бұлт түнді басқандай,

Ақбетті қайғы шапқандай.

Иықты жапқан бұрында,

Жылан өрмелеп бара жатқандай.

Әр таңда Қарахан кесенеге келетін. Құмырада бес тал райхан гүлі. Шығыста махаббаты осылай білдіреді. Аяқ-қалдырған әл кеткен. Бірақ ол күн сайын осында келеді. Бұл адамды кезінде хан болған дейді...» ТАӘК отырысының хаттамалары және мүшелерінің хабарламалары, Қазақстан тарихи-мәдени мұралары.Тұран-2011 жыл.