«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Тарихи-мәдени мұра / Тарихи ескерткіштер / Археологиялық ескерткіштер / Ақкөл тұрағы, Палеолит дәуірі, шелль-ашель мәдениеті.

Ақкөл тұрағы, Палеолит дәуірі, шелль-ашель мәдениеті.

Алғашқы тобыр төменгі палеолиттің алдыңғы кезендерінің бірі – ашель дәуіріне сәйкес келеді. Ашель уақытында жаңа әлеуметтік организм – алғашқы қауымның алғышарттары бірте-бірте толыса бастайды.

Шелль-ашель дәуіріне жататын Ақкөл тұрағы Жамбыл облысы Талас ауданы Ақкөл ауылынан 11 км оңтүстік-батыста, Ақкөл көлінің оңтүстігінде орналасқан.

Ескерткішті 1961 жылы археолог Х.А. Алпысбаев  ашқан. 2009 жылы Е.Ақымбек пен Ш.Құдабаевтың жетекшілігімен «Археологиялық сараптама» ЖШС Ескерткіштер жинағы экспедициясы зерттеді. Куэст төбешігінің үстіндегі шағын алаңда ежелгі адамдар қолынан жасалған 117 тас бұйым табылған. Олардың басым бөлігі бұйым сынықтары. Барлығы да желге мүжіліп, бірқатарының сыртқы қабаттары сақталған. Бұйымдардың барынша көп жинақталған жерінде тік шұңқыр қазылды. Табылған тас бұйымдар топқа бөлінеді: 1) шеттері мен өкшесі екі жағынан да өңделген кəдуілгі шабатын құрал; 2) құрал-шеңбер; 3) қол шапқысы. Ақкөл орнының бұйымдары мынадай топтарға бөлінеді: екі қырлы шабатын құралдар; унифастар; жарықшақтардан жасалған құралдар; өңдеу белгілері жоқ жарықшақтар. Коллекциялар Алматы қаласында, Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология Институтында Археология музейінде сақтаулы.