Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен 6 шілде Елорда күніне орай, 2020 жылдың шілде айының 23- ші жұлдызында «Ұлы Дала астаналарының тарихы» атты тақырыпта Zoom бағдарламасы негізінде онлайн форматында Республикалық ғылыми-теориялық онлайн-конференция өтті.
Конференцияға отандық ғалымдар мен археологтар, қорық- музей және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, туризм саласының мамандары қатысты.
Конференцияны Мемлекеттік «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсенәліұлы кіріс сөзімен ашып, оның мақсаты мен маңызына тоқталды.
Конференцияға музейдің ғылыми қызметкері Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы модераторлық етті.
Онда «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи музей – қорығының директоры Қожахметов Бақтияр Сапарбекұлы «Ұлық Ұлыс астанасы», «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарих ғылымдарының кандидаты, ХҚТУ доценті Тастанбеков Мұрат Мейірбекұлы– «ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ ЖӘНЕ ТҮРКІСТАН», «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи –мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері, Тарих ғылымдарының PhD - докторы Ералы Ақымбек Шардарбекұлы – «Әулиеата өңіріндегі ортағасырлық астаналық қалалар», Сарайшық мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ғылыми қызметкері Жұмабаев Амангелді Жеңісұлы– «САРАЙШЫҚ - ҰЛЫҚ ҰЛЫС, НОҒАЙ ОРДАСЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ АСТАНАСЫ», «Ордабасы» ұлттық тарихи- мәдени музей қорығының тарихи- мәдени мұраларды қорғау бөлімі басшысы Ташбаев Жұмабек Кусбаевич - «Сайрам (Испиджаб) қаласының қазақ тарихындағы алар орны», «Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің» ғылыми қызметкері Сералы Нұрлан Орынбасарұлы - «Фараб оазисіндегі оғыз тайпаларының саяси орталықтары», Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы экспозициялық-көрме бөлімінің басшысы Қажымұрат Алмагүл Қажымұратқызы - « ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА!», Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының директоры Тұрдықұл Қасенұлы Шаңбай – «Алаш-Семей және Әлихан Бөкейхан», Шерхан Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану орталығының» директоры Қалиев Сауран Қалиұлы – «Өркениеттер тоғысындағы Тараз» аттыбаяндама жасады.