
Ағымдағы жылдың 1 қазанында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы «ЖІБЕК ЖОЛЫ: ЧАНЬАН-ТЯНЬ-ШАНЬ ДӘЛІЗІНІҢ МАРШРУТТЫҚ ЖЕЛІСІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАШЫҚТАРЫ» тақырыбында Қытай Халық Республикасының Тунжень қаласындағы «Тунжень политехникалық колледжінің» оқытушылары мен студенттеріне ХАЛЫҚАРАЛЫҚ дәріс өткізді. Дәріс барысында музей-қорыққа қарасты Ақтөбе (Баласағұн), Құлан, Өрнек, Қостөбе қалашықтарының, «Ақыртас» кешенінің тарихы, аңыз-әпсаналары баяндалды. Сонымен қатар орта ғасырда өркениеті мен мәдениеті дамыған «Тараз қалашығы», Қазақстанның інжу-маржаны саналатын Айша бибі кесенесі мен Тараз қаласына 100 жыл бойы Әулиеата есімі берілген Қарахан бабының кесенесі туралы да мағлұмттар берілді. Дәріс соңында студенттер мен оқытушылар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

Халықаралық туризм күніне орай, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Көне Тараз» археологиялық саябағында «Дәуірлер көшіндегі Тараз» тақырыбында жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Іс-шара аясында қала тұрғындары мен қонақтарына 2011-2017 жылдар аралығында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды әрі бірегей жәдігерлер таныстырылды. Келуші қонақтар жылжымалы көрмені ерекше қызығушылықпен тамашалады.


Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігінің Мәдениет және ақпарат министрлігі болып өзгертілуіне байланысты Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар ескерткіштердің қорғау тақтайшаларына жаңартылу жұмыстары жүргізілді.



02 Қазан 2024
655