Жастарды тәрбиелеудегі - ұлттық құндылықтардың маңызы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз. Олардың әл – ауқаты – мемлекетіміздің табысты болашағының сенімді кепілі",- деп айта келе, 2022 жылды "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің ұйытқы болуымен "Ежелгі Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы білім саласымен бірге жұмыс жүргізу жоспарланып отыр. Осы ретте "Жастарды тәрбиелеудегі - ұлттық құндылықтардың маңызы"атты дөңгелек үстел Ш. Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығында ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушылары: «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі , тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Е.Қ, «Әлеуметтік психология» кафедрасының доцент педагогика ғылымдарының докторы Керімбаева Р.Қ қатысты.
Сонымен қатар жастар саясаты басқармасының басшысы Берікқожа С.Қ және айтыскер-ақын Есет Досалы қатысты. Аталған жиынға бас қосудың бастапқы міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақтың үлесінде. Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса, соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты. Міне, бүгінгі дөңгелек үстелде балаларға тәрбие берудегі талқыланған тақырып бойынша ойтүйінді жалпы ел жастарына бағыттаймыз! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!
Сонымен қатар, музей- қорығы өз тарапынан «Киелі Әулиеата жерінің аңыздары» атты балаларға арналған аңыз- әнгімелер жинағын шығарып қатысушыларға табыстады. Бұл жинаққа Жамбыл облысы аумағында сақталған тарихи-мәдени нысандар туралы айтылған халық ауыз әдебиетінің түрлі аңыз-әңгімелері енгізілген.
Іс-шара барысында "Көшпелі қазақтың өшпес мәдениеті" атты археологиялық көрмемен жалғасты. Көрмеде Ұлы Жібек жолындағы қаланың ортағасырлық гүлдену кезеңіне жататын ежелгі Тараз қаласының орталық бөлігінен табылған бірегей жәдігерлер көрсетілді.