Өз өлкеңді сүю!
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының "Туризм жастары" ұйымының ұйымдастыруымен Тараз қаласының ЖОО-ның білімгерлеріне арналған экскурсиялық тур өтті. Өскелең ұрпақты өлке тарихымен тереңірек таныстыра отырып, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, тарихымызға деген қызығушылығын ояту, ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазынамызды насихаттау мақсатында "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері арнайы шақыртылды. Музей қызметкерлері «Көне Тараз» археологиялық саябағында ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттар көрсетіп, сипаттамларына тоқталып, таныстырды.Студенттер Тараздың ортағасырлық қалалық мәдениеттің эталоны ретіндегі даму кезеңдерімен танысты. Олардың арасында керуен-сарайлар, "хамам" моншасы, медреселер,сәулет ерекшеліктері мен қолөнердің дамуы ерекше қызығушылық тудырды.