Ежелгі Тараз тарихы радио толқынында!
Бүгін FM 108 толқынындағы апталық радиохабарға ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Әлімбай Аяулым қатысты. Ол радио тыңдаушылармен Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан республикалық және өңірлік деңгейдегі іс-шаралар туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, радио тыңдаушылары музей-қорығының баспасөз қызметінің ерекшеліктері туралы, БАҚ және түрлі ұйымдар мен мәдени жұртшылық өкілдерін тарту туралы білді. Айта кету керек, мұндай радиоэфирге музей-қорық қызметкерлері апта сайын қатысады және "Тараз-ғасырлар куәсі" радиорубрикасы радио тыңдаушыларға өте ұнады.