«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Полиция қызметкерлеріне тақырыптық экскурсия өткізілді

Полиция қызметкерлеріне тақырыптық экскурсия өткізілді

Жамбыл облысы полиция департаментінің «Жауынгерлік және еңбек даңқы» музейінде жас полиция қызметкерлеріне ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев күніне және Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тақырыптық экскурсия өткізілді.

"ҚР Тұңғыш Президенті" музейінің экспозициясында үлкен кітапхана орналасқан, онда Нұрсұлтан Әбішұлының және басқа да авторлар Мемлекет басшысы туралы жазған 50-ден астам кітап бар, олар "Қызмет хроникасы", "Жаңа Қазақстан", "Таңдамалы сөздер" және "ҚР Тұңғыш Президенті"4 томда ұсынылған. Елбасының еңбектері әлемнің 32 тілінде жарық көріп, Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің кітапхана қорында сақтаулы.

Аталған басылымдар жинақталған көрмені шолуды "Ежелгі Тараз ескерткіштері"мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері Лаура Байтұрсынова жүргізді. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың өз кітаптарында Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы бетбұрыс кезеңдерін ой елегінен өткізгендігін және болашаққа деген көзқарасы туралы жазылғандығын айтты.

Л. Байтурсынова Қазақстанның тарихи және мәдени мұрасын дамыту үшін"РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ" стратегиясында Н.Ә. Назарбаевтың басты рөлін атап өтті. Сонымен қатар "Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян" және "жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы» атты екі кітапқа толығырақ тоқталып, тусіндірмесін баяндады. Тақырыптық экскурсия соңында ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған деректі фильм көрсетілді.

Өз кезегінде,облыстық полиция басшылығы генерал-майор Ж.К. Сүлейменов музей-қорық қызметкері Л. Байтұрсыноваға атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, Алғыс хатпен марапаттады.