«Тараз - Ұлы Даланың көне шаһары»
Құрметті Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтары!
2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараз шаһарынан түркілердің екінші ата жұрты атанған, киелі өңір Түркістан қаласына Жамбыл облысының мәдениет күндері аясында «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тараз-Ұлы Даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрмесін тамашалауға шақырамыз!
Көрмеде Тараз қалашығында археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған тарихи-мәдени жәдігерлер, тарихи нысандарымыз Айша-бибі және Қарахан кесенелерінің макеттері көрермендер назарына ұсынылады. Жәдігерлердің ішінде: тиын көмбесі, қола шырағдан бөліктері, күміс белбеу, белбеу қапсырмалар,құс бейнелі қола бұйымдар, сиясауыт, моншақтар, қыш құмыралар, жұмыртастар, шырағдандар, асханалық ыдыстарды көре аласыздар. Бұл экспонаттар еліміздің тарихын зерделеуге, тарихи-мәдени нысандарды тамашалауға жұртшылықтың зор қызығушылығын тудырады!