Музей сабағы өткізілді
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің білімгерлеріне музей-қорық қызметкерлері "Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі" атты тақырыпта, жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында музей сабағын өткізді. «Көне Тараз» археологиялық саябағында өткен сабақ барысында студенттер ежелгі қала, үлкен руханият орталығы болған Тараз шаһарының тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттарын тамашалады. Сонымен қатар студенттер Тараздың ортағасырлық қалалық мәдениеттің эталоны ретіндегі даму кезеңдерімен танысты. Олардың арасында керуен-сарайлар, "хамам" моншасы, медреселер, сәулет ерекшеліктері мен қолөнердің дамуы ерекше қызығушылық тудырды.