«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Экскурсия өткізілді

Экскурсия өткізілді

Егемен еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында Байзақ аудандық колледж студенттері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық қазыналы құпияны қойнауына жасырған жұмбақ мекен, «Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді. Экскурсия барысында студенттер Ақыртастың тарихымен, оның ғылыми зерттелу кезеңімен, зерттеушілер мен ғалымдардың осы уақытқа дейін бұл құрылым түрінің өзіндік ерекшелігімен яғни, Орталық Азия мен Қазақстан аумағында құрылыс үшін ірі тас блоктарды пайдалану әдісі әлі табылған жоқ екендігі айтылды. Сонымен қатар студенттер Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік беретін, әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне негізделген жылжымалы көрмені тамашалады.