Колледж білімгерлері іс-тәжірибеден өтуде
Жыл сайын ЖОО мен колледж студенттері «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің объектілерінде музейлік іс-тәжірибеден өтеді. Ал қазіргі таңда «Жамбыл политехникалық колледжінің», «Туризм» мамандығының 4-курс білімгерлері қорық-музейіне қарасты «Қали Жүніс» моншасында іс- тәжірибеден өтуде. Музей қызметкерлері білімгерлерге Әулие ата кезенініңдегі сәулет өнерінің бірегей ескерткіші «Қали Жүніс» моншасының тарихымен, құрылысымен таныстырып, барша мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар монша ғимаратын салу кезінде рим терминдері мен шығыс ортағасырлық моншалар сияқты сәулет және жылу жүйелерінің принциптері қолданылғандығына ерекше назар аударылып, шығыс стиліндегі моншаны Ферғана мен Бұхараның шеберлері салғандығы, Қали Юнустың өзі құрылысқа орын таңдап, құрылысқа алғашқы тасты қойғандығы айтылды.