Экскурсия ұйымдастырылды
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай еліміздің ұлттық дәстүрі мен ұлттық мәдениетін дамытуға арналған «Ұлы Дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында Қордай ауданы Д.Қонаев атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушылары мен ұстаздары «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты ортағасырлық қазыналы құпияны қойнауына жасырған жұмбак мекен, «Ақыртас» археологиялық-сәулет кешенін тамашалауға келді. Оқушылар ата-бабаларымыздың көне дәуірдегі мәдениетінің озық үлгісі болған өңіріміздегі әлемдік мәдениетке бергісіз тарихи-мәдени ескерткіштеріміздің бірі-Ақыртас кешенінің тарихы, аңыз-әңгімелері ғана айтылып қоймай, Ботай қонысымен танысуға мүмкіндік беретін, әлемде бірінші болып жылқы қолға үйретілгендігіне негізделген жылжымалы көрмені тамашалады. Экскурсия соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.