Мектеп оқушылары мен ұстаздарға арнап экскурсия жүргізілді
«Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығына қарасты тарихи-мәдени мұраларымызды таныстыру мақсатында қалалық мектеп оқушылары мен ұстаздарына экскурсия жүргізілді. Экскурсия барысында білім алушылар алдымен ежелгі қала тарихымен және археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бірегей құнды экспонаттарды тамашалап,"Көне Тараз" археологиялық паркімен танысты. Сонымен қатар Тараз қаласының орталығында орналасқан мәдени мұра объектілерімен ,Әулие ата атанған «Қарахан», «Дәуітбек Шамансұр» кесенелерімен танысу ұсынылды. Келесі экскурсия «Қазақ хандығы»монументінің тарихымен жалғасып, ортағасырдың інжу-маржаны «Айша-бибі», «Бабаджа-Хатун» кесенелерінің құрылу тарихы туралы халық аңыздарын баяндалды. Экскурсия соңында мектеп ұстаздары мен оқушылары алған әсерлерін таңданыспен жеткізе отырып, музей ұжымына алғыс білдірді.