«Ежелгі Тараз ескерткіштері»

мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы

Басты бет / Жаңалықтар / Қырғыз Республикасының Талас және Шу облыстарының күндері өтті

Қырғыз Республикасының Талас және Шу облыстарының күндері өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Тараз қаласында Қырғыз Республикасының Талас және Шу облыстарының күндері өтті.

Мерекелік шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қырғызстан Президентінің Шу облысындағы өкілетті өкілі Еркін Тентишев, Президенттің Талас облысындағы өкілетті өкілі Бақытбек Нарбеков қатысты.

Қырғыз делегациясы Жамбыл облысындағы бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды, соның ішінде "Тектұрмас"этно-тарихи кешенін аралады. Осыған байланысты "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкерлері қала қонақтарына "Тектұрмас" этно-тарихи кешенінде танымдық экскурсиясын өткізді. Қала қонақтары қазақ жеріндегі соның ішінде, тағылымды тарихы мен өрелі мәдениеті ерте кезеңдерден-ақ талайлардың таңдайын қақтырып, тамсандырған Жамбыл өңірінің тарихымен танысқандарына өте қатты қуанды.