Қорық-музейі радиоэфирде
Өлкеміздің тарихы мен тарихи мұраларын насихаттау мақсатында, Ұлы Жібек жолы бойында айрықша орыны бар, тарихы терең қалалардың көшін бастап тұрған Тараз жерінде орналасқан мәдени ескерткіштерімізбен, рухани құндылықтарымызды дәріптеп, жаңғыртуды жөн көрдік. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері»мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей қызметкерлері,әр аптада FM 108 радиосында қорық-музей қызметкерлері сұхбаттар беріп отырады.
Бүгінгі радиоэфир «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 30 негізі» атты акциясы аясында өтті. Қорық-музейінің қызметкері Рысбай .Ж радио тыңдаушыларына қорыққа қарасты Нәметбай мешіті, Қарақожа мешіті, Абдулла Ишан мешіті туралы мәліметтермен бөлісті. Бұл қазақ халқының жадында ерекше құндылыққа ие, мәдени мұраның қастерлі ескерткіштері.