Өлкетану үйірмесі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі жасөспірімдер арасында тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Өз өлкеңді біл және сүй» атты тақырыптық үйірме ұйымдастырып келеді. Міне соның жалғасы ретінде ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде "Тараз-тарихымыздың алтын діңгегі" атты тақырыпта Жамбыл политехникалық колледжінің 3 курс білімгерлеріне музей қызметкерлері тақырыптық экскурсия жүргізді. Тақырыптық үйірме барысында Қазақстанда ХІ ғасырдан сақталған сәулет өнері ескерткіші, қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде орналасқан «Қарахан» кесенесінің тарихы, құрылысы, аңыз әңгімелері баяндалды.