«Ұлы даланың Ұлы ақыны - Жамбыл Жабаев»
Қазақ халқы даналарға кем емес, халқымыз табиғатынан ақын халық. Есте жоқ ескі жылдардан бергі ел тарихының көркем шежіресін жасаушылар да, оның сақтаушылары да сөз зергерлері – ақындар. Солардың ішінде бір ауыз сөзі мың жылдық мұраға айналған – Жамбылдын да шоқтығы биік, тұғыры бөлек. «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын, жыл басынан жырлап келе жатқанымыз рас. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейі Жамбыл атымен аталған "Жамбыл жоғарғы инновациялық колледжінде"- «Ұлы даланың Ұлы ақыны-Жамбыл Жабаев» атты жылжымалы көрмесі өтілді. Біздің басты мақсатымыз оқушыларға жыр алыбы Жамбыл ақынның өмірі мен шығармашылығын меңгерте отырып, Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге , оны бағалай білуге тәрбиелеу, оқушылардың дүниетанымы мен ой өрісін дамыта отырып, Жамбыл шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге баулу.
Сонымен қатар көрмені таныстыру барысында тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау мақсатында көрмеге ортағасырлық қыш бұйымдары, қола шырағдан бөліктері, әртүрлі кезеңге жататын монеталар қойылды. Қорық-музейдің қор қызметкерлері әрбір жәдігерлердің ғылыми сипаттамасымен таныстырып, ежелгі Тараз шаһарының тарихынан сыр шертті.
«Жамбыл менің жай атым, Халық-менің шын атым»-деп жырлаған Жамбыл Жабаевтің 175 жылдық мерейтойына байланысты ақынның өмірі мен шығармашылығынан тың мәліметтер айтылып, ақын өмірі туралы бейне материалдар көрсетілді.Көрмеге қатысқан 400-ге жуық білім алушылар берілген ақпаратқа үлкен қызығушылығын білдіріп, сұрақтар қою арқылы үлкен ауқымдағы пікір –таласқа ұласты. Колледж ұжымы ыстық ықыластарын білдіре отырып, болашақта қоян-қолтық жұмыс жасау жөнінде ұсыныстарын білдірді.