Күміс дирхемдер көмбесі табылған жерге барды
Бүгін "Ежелгі Тараз ескерткіштері" тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметкерлері Тараз қаласының тұрғыны Р.Искандеровпен біріге отырып, күміс дирхемдер көмбесін тапқан аймақ, Байзақ ауданына жолға шықты. Рафаэль бірегей монеталарды тапқан орының дәл көрсетті. Бұл ортағасырлық Барысхан қалашығының айналасы мен ауыл шаруашылығына арналған жер иелерінің алқаптары болып отыр. Тасын түртсен тарихы көрінетін өлкеміздің керемет құндылығын белгілі ғалым – нумизмат П. Петровтың қорытындысы бойынша Х ғасырға жататын саманидтік дирхемдер деп шамалауда. Табылып отырған күміс тиындар көмбесі біздің облыс аумағында алғаш рет табылғанын атап өткіміз келеді!